You are here

Үкімет отырысында медициналық сақтандыру туралы заң жобасы мақұлданды - https://strategy2050.kz, 2016 жылғы 27 қыркүйек

Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Жоба мақұлданып, Парламентке бағытталды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ27 Қыркүйек , 12:24

Биыл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  6 кодекс пен  15 заңға өзгерутлер енгізуді қарастыратын  заң жобасын әзірледі.

««Міндетті медициналық сақтандыру  жөніндегі ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсімді тағы жарты жылға шегеруді ұсынып отыр. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған  жұмыс берушілердің түсімдері 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап емес,  2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылады. Мемлекет белсенді емес халықтың салымдарын жарты жылға кейін, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырады», - деді Т.Дүйсенова.

Бұл уақыт аралығында  қор құрылады. Денсаулық сақтау  шығындары республикалық деңгейде реттеледі,  қор медициналық қызметтің бірегей стратегиялық сатып алушысы ретінде таныстырылады. Заң жобасын Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мақұлдады.

«Барлық әлеуметтік топ бұл мәселені талқылап, сіздің кездесуіңізден кейін қорытынды құжат шығаруы керек. Біраз уақыттан соң бұл мәселеге қайтып ораламыз», - деді Б.Сағынтаев.

Бөлімдер:
3 қазан, 2016 - 17:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші