Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы аясында 562 инфрақұрылым нысаны жөнделеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы аясында 562 инфрақұрылым нысаны жөнделеді

ДКЗ-2020

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (әрі қарай - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 562 инфрақұрылымдық нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жөнделетін ғимараттардың 250 – транспорттық инфрақұрылым нысаны, 97 – білім беру, 28 – мәдениет, 20 – спорт, 15 – инженерлік-комуналдық инфрақұрылым, 12 – әлеуметтік қорғау және 5 – денсаулық сақтау нысандары болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 3 680 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 83 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 1 581 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 861 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді. 

 

4 қазан, 2016 - 15:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші