Ақтөбе облысының 3,4 мыңнан астам тұрғыны «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында медициналық тексеруден өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Ақтөбе облысының 3,4 мыңнан астам тұрғыны «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында медициналық тексеруден өтті

Әлеуметтік проблемаларды шешу

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға ауданының тұрғындарына 3,4 мыңнан астам медициналық тексеру жасалып, оның ішінде 1329 адам Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандарының кеңесін алды. Медициналық тексеру нәтижесі бойынша 45 пациент (11 бала) мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық орталықтарға жіберілді. 

Сонымен бірге, облыстық орталықтардың жетекші мамандары 1132 мектеп оқушысын профилактикалық тексеруден өткізіп, оның 17-сін сауықтыруға жіберді.

«Денсаулық» медициналық пойызы қозғалысының аясында ҚР ІІМ ТЖК «Теміржол апаттық медицина госпиталі» АҚ дәрігерлері 1030 адамды тексеріп, оның ішінде 140 азаматты диспансерлік есепке алды.

Тұрғындар арасында амбулаторлық-емханалық көмек көрсету, дәрілермен қамтамасыз ету, туберкулездің алдын алу және т.б. мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алға ауданы медициналық ұйым қызметкерлері үшін республикалық орталық мамандары алғашқы медициналық-санитарлық көмек аясында медициналық қызметтердің сапасын жетілдіру мәселелері, сонымен қатар, 5 ауру (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудің  біріктірілген үлгісін енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидалары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ «Әлеуметтік проблемаларды шешу» акциясын өткізу үшін Ақтөбе облысына республикалық ҰЗИ мен ҰО-ның балалар мен ересектер бағыты бойынша 20 жетекші маман жіберілген болатын. Акция аймақ тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға негізделген. Ағымдағы жылғы 29 қазанға дейін республикалық емхана дәрігерлері облыстың 5 ауданында медициналық тексерулер мен консультациялар өткізеді.

4 қазан, 2016 - 18:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші