X
egov

You are here

Алматыда ТМД елдерінің педиатрлары Қазақстандағы балалардың денсаулығын қорғауды жетілдіру мәселелерін талқылауда

 здоровье детей

Бүгін Алматыда аймақтардағы педиатрлардың, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс қызметкерлерінің, Қазақстан, Ресей және өзге де ТМД елдерінің әртүрлі салаларындағы жетекші мамандардың қатысуымен ҚР Балалар дәрігерлерінің VIII съезі басталды.

Шараны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Қазақстан педиатрларының одағы ұйымдастырып отыр.

Форум қатысушыларының алдында сөз сөйлеген ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті басшысының орынбасары Роза Қуанышбекова Съезд өткізілгеннен бері 4 жылда Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғау деңгейін арттыру бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап айтты. Диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялы, заманауи тәсілдері енгізіліп, педиатрлық және т.б. бағыттағы медициналық кадрларын дайындау процесі жетілдірілді.

«Мемлекет басшысы  өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланы қорғау – жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі екенін мәлімдеген болатын. Аталған бағыттарды іске асыру ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті әрі қарай аймақтандыруға, балаларға кешенді медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге негізделген босандыру мен балалар қызметтерінің біріктірілген үлгісін енгізу арқылы жүзеге асырылады», - деді Роза Қуанышбекова.

Ол аталған бағытта көрсетілетін медициналық көмектің өз бағдары аясында барлық деңгейде тиімділік пен сапаны қамтамасыз ету, бақылау бойынша республикалық емханалардың, ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының жауапкершілігі күшейтілгенін атап айтты.

«Сонымен қатар, ҒЗИ ғалымдары да аймақтардағы медициналық қызметкерлерге халықпен жұмыс істеуде (тіпті аудан деңгейінде) қажетті консультативтік, әдістемелік, және практикалық көмек көрсетеді», - деп хабарлады ҚР ДСӘДМ өкілі.

Пленарлық отырыста бала және нәресте өлімін әрі қарай төмендету; перинаталды патологияларды емдеу мен оның диагностикасы, профилактикасы; алғашқы медициналық-санитарлық медициналық көмек деңгейіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмектің нәтижелілігі мен сабақтастығын, сапасын арттыру; хирургиялық патологиялары бар балаларға көрсетілетін медициналық көмектің жоғары технологиялық жаңа түрлерін енгізу; педиатриялық ғылымды дамыту және балалар мен репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығын қорғау қызметіне инновациялық технологияларды енгізу, еліміздің ЖОО-да педиатриялық кадрларды даярлау және т.б.

7 қазанда панельдік секцияларда балалар гемотологиясы, онкологиясы мен иммунологиясының, ревмотология, кардиология мен балалар хирургиясының, тыныс алу мүшелері мен зат алмасудың туабітті патологиясы мәселелері қарастырылатын болады.

Съезд аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Камал Ормантаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтау жоспарланып отыр. Ол тек балалар хирургиясына ғана емес, еліміздің барлық педиатриялық қызметіне баға жетпес үлес қосты.

Сонымен бірге, заманауи дәрілік заттар мен балалар тағамының, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жаңа ақпараттық және медициналық технологиялар жәрмеңкесі өткізіледі.

6 қазан, 2016 - 10:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші