X
egov

You are here

Т. Дүйсенова медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды

Мажилис Парламента РК

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламентінің Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды.

Заң жобасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (әрі қарай - Қор) төленетін аударымдар мен жарналардың төлеу мерзімін өзгертуді, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) жүйесінің барлық процестерінің іске қосылуын қарастырады.

Осылайша, мемлекеттің Қорға төлейтін жарнасының мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын  жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың Қорға төлейтін аударымдары мен жарналарын 2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, аталған заң жобасы орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларға тәулік бойы бақылау жасалмайтын медициналық қызметтердің функцияларын денсаулық сақтау ұйымдарына беру бойынша «Білім туралы» ҚР Заңына да өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 18 қарашада ҚР Президенті Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру шаралары аясында жасалған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына қол қойды. Аталған құжат үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қарастырмақ.

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау, оқушылардың сапалы және қолжетімді медициналық көмек қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтарда бекіткен ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесіндегі мектеп медицинасын әрі қарай дамыту қарастырылған.

 

7 қазан, 2016 - 18:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші