Қазақстанда тұңғыш рет психикалық денсаулық күні аталып өтуде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда тұңғыш рет психикалық денсаулық күні аталып өтуде

Всемирный день психического здоровья

Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет «Өмір – менің ең қымбат құндылығым!» ұранымен Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күіне аталып өтуде. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (әрі қарай - МСАК) ұйымдарында халық арасында психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы ақпаратты тарату, психиканың бұзылу жағдайларының орын алуын азайту мақсатында психологтардың, учаскелік дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің тегін консультациялары ұйымдастырылатын болады.

Сонымен бірге, МСАК ұйымдарында суицид жасауға әрекеттенген балалардың ата-аналарымен әңгімелесу жоспарланып отыр. Денсаулық бейінді мектептерінде психикалық денсаулықты қорғау, отбасында жағымды психологиялық климатты құру туралы сабақтар өткізіліп, сондай-ақ, психикалық денсаулықтың бұзылуын ерте диагностикалау мен оның алдын алу бойынша алғашқы звено мамандары үшін семинарлар ұйымдастырылатын болады.

Психикалық денсаулық – бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар жайлы жағдайы.

Психиканың бұзылуы – жүрек-қантамырлары аурулары мен қатерлі ісік сынды созылмалы ауруларды қоздыратын жағымсыз фактор болып табылады.

Психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ, халық арасында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру керек.

Психикалық денсаулықты қорғау – құрамына психикалық денсаулықты нығайту, психиканың бұзылуын ескерту, мінез-құлқы мен психикасы бұзылған адамдардың стигматизациясын төмендету бойынша шаралар бар көп бағытты стратегия болып табылады.

Әлемде 1992 жылдан бастап Бүкіләлемдік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні аталып өтіп келеді. Оның мақсаты – депрессивті көңіл-күй, шизофрения, Альцгеймер ауруы, нашаға тәуелділік, талма ауруы, ақыл-ойдың артта қалуының таралуын азайту.

11 қазан, 2016 - 10:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші