X
egov

You are here

Т. Дүйсенованың азаматтарға адамның папиллома вирусымен күресуге арналған «Papillux» препаратын қолдануды ұсынуы туралы Интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды

фейк

Денедегі папилломаны, қалдар мен сүйелдерді емдеуге арналған «Papillux» препаратының тиімділігі туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мен «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ Басқарма басшысы Абай Байгенжиннің веб-сайттар мен интернет-порталдардағы түсіндірмелері түріндегі берілген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Аталған хабарламадағы дереккөз белгісіз болғандықтан, ол шындыққа сай келмейді.

Ақпаратта көрсетілген мамандар ешқашан мұндай түсіндірме бермеген.

Хабарламада жарнамаланған «Papillux» прапараты Қазақстанда тіркелмегендіктен, сонымен қатар, емханалық тиімділігі дәлелденбегендіктен, оны азаматтардың қолдануы үшін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұсына алмайды.  

Емханалық тиімділігі дәлелденген барлық дәрі-дәрмектер Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізілген, оны www.knf.kz сілтемесі арқылы көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.enbek.gov.kz  ресми сайтында жарияланады. 

12 қазан, 2016 - 11:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші