Т. Дүйсенова мен М. Варга денсаулық сақтау және халықты жұмыспен қамту салаларындағы өзара түсіністік меморандумдарына қол қойды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т. Дүйсенова мен М. Варга денсаулық сақтау және халықты жұмыспен қамту салаларындағы өзара түсіністік меморандумдарына қол қойды

меморандум

Бүгін Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі 5-ші үкіметаралық отырысының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мен Венгрия ұлттық экономика Министрі Михай Варга Денсаулық сақтаудың экономикасы саласындағы түсіністік Меморандумы мен Халықты жұмыспен қамту саласындағы түсіністік Меморандумына қол қойды. 

Денсаулық сақтаудың экономикасы саласындағы түсіністік Меморандумы фармацевтика, медициналық техниканы сату мен қолдану, медициналық туризм мен ақпараттық технологияларды дамытуды қарастырады.

Тараптар денсаулық сақтаудың экономикасы саласындағы білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, сарапшыларды оқытудың екіжақты сапарларын ұйымдастырып, семинарлар, симпозиумдарды және т.б. шараларды өткізу туралы келісті. 

Халықты жұмыспен қамту саласындағы түсіністік Меморандумы еңбек нарығын дамытуға, жұмыссыз азаматтарды, әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындар тобын жұмыспен қамтамасыз ету бойынша белсенді саясаткерлерді жетілдіру, еңбек нарығын бақылау мен жұмыспен қамту саясаты, құралдары мен бағалау жүйесін құруға бағытталған.

Сонымен қатар ол халықты жұмыспен қамту саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттармен, сараптамалық материалдармен және зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен екіжақты алмасуды қарастырады. Меморандум аясында тараптар сарапшыларының консультациялары өткізіліп, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында оқыту сапарлары мен халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу шаралары ұйымдастырылады. 

21 қазан, 2016 - 11:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші