Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналауға жататын 53,8% тұрғын егілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналауға жататын 53,8% тұрғын егілді

вакцинация

Қазақстанда ағымдағы жылғы 19 қазандағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 782 мың 957 адам егілді. Бұл вакциналауға жататын азаматтардың жалпы санының 53,8% құрайды, оның ішінде 117 мың 410 медициналық қызметкерлер, 40 мың 321 жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар 206 мың 313 бала, 85 мың 118 мектеп оқушылары, 25 мың 197 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 45 мың 959 қарт адамдар, 262 мың 639 жұмыс ұжымының өкілдері бар.

Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, вакциналанған адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды. 

19 қазан, 2016 - 11:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші