X
egov

You are here

Венада Қазақстан мен Австрияның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Биртанов

Бүгін Вена қаласында (Австрия) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов пен Австрияның инновация мен телекоммуникация вице-министрі Андреас Райхардттың қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Австрия аралас жұмыс тобының 4-ші отырысы өтті.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен олардың пайдалануға берілуі, Қазақстан мен Австрия медициналық университеттері арасындағы стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында тәжірибе алмасу және медициналық білім беру мен ғылым, фармацевтикалық сектордағы, электронды денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай жетілдіру бойынша келісімдер жасалды.

Кездесу соңында екі тараптың әрі қарай ынтымақтастығын жалғастыру туралы хаттамаға қол қойылды. 

19 қазан, 2016 - 19:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші