ҚР ДСӘДМ ең үздік әлеуметтік қызметкерге дауыс беруді ашық деп жариялайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ ең үздік әлеуметтік қызметкерге дауыс беруді ашық деп жариялайды

голосование за лучшего соцработника

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күніне арналған «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауының қатысушыларына дауыс беру ашық деп жариялайды.

         Дауыс беру байқаудың келесі номинациялары бойынша:

            - «Үздік әлеуметтік қызметкер»;

            - «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері»;

            - «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері»;

            - «Халықты жұмыспен қамту жүйесінің үздік қызметкері»;

            - «Әлеуметтік саладағы  үздік менеджер-ұйымдастырушы»;

            - «Үздік МӘМ»;

            - «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» бойынша өтеді.  

Онлайн дауыс беру номинацияларына 2016 жылғы 5-15 қазан аралығында өткен аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысатын болады.

Әрбір қазақстандық азамат ҚР ДСӘДМ ресми интернет-ресурсының (www.enbek.gov.kz) негізгі бетінде дауыс бере алады. Онлайн дауыс беру 2016 жылғы 24 қазан сағат 18:00-ге дейін өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнінің қарсаңында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауын өткізуде. Сайыс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау 2016 жылғы 28 қазанда Астана қаласында өтеді.  

21 қазан, 2016 - 12:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші