Словенияда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словения үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Словенияда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словения үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

межправительственная комиссия

Бүгін Любляна қаласында (Словения) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов пен Словения Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Сани Штиглицтің басшылығымен Қазақстан-Словения сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 3-ші отырысы өтті.

Отырыс барысында екі елдің өкілдері медицина, құрылыс, туризм, тамақ пен ауыр өнеркәсіп және т.б. салалардағы қазақстандық және словениялық компаниялардың сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны дамыту мәселелерін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың аясын кеңейту жөнінде пікір алмасты. 

Сонымен бірге, тараптар қазақстандық медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру, ауруларды диагностикалау мен емдеу, медициналық туризм, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті және т.б. дамыту мәслелері бойынша ынтымақтастықты жетілдіруге келісті. 

Жиын соңында комиссияның тең төрағалары екіжақты тиімді ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру жөніндегі хаттамаға қол қойды.

Жуырда Елжан Біртанов Словения Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Сандра Тушармен кездесіп, екі елдің денсаулық сақтау саласының ағымдағы және болашақтағы ынтымақтастығы туралы мәселелерді қарастырған болатын.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ол KRKA және Sandoz компаниясының фармацевтикалық зауыттарына барып, дәрілік заттардың өндірісімен танысты. Сонымен қатар, аталған компания басшылықтарымен фармацевтикалық қызмет, оның ішінде осы өндірістердің ҚР аумағында жұмыс істеу мүмкіндігі туралы талқылады. 

21 қазан, 2016 - 16:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші