X
egov

You are here

Биылғы жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға Ақмола облысында 5,1 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді

ДКЗ 2020

2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының аясындағы шараларды жүзеге асыру үшін Ақмола облысында 5 млрд. 171 млн теңге қарастырылды.ағымдағы жылғы 1 қазандағы мәліметтерге сай жоспарланған қаражаттың 79,1%-ы игерілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) 222 инфрақұрылым нысанын жүзеге асыру және 1 мың 400-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 766 азамат халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасатын болады. 1 қазандағы ақпаратқа сәйкес 1 мың 116 адам, оның ішінде 612 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтамасыз етілді.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша (ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу) 256 облыс тұрғындары жалпы сомасы 598 млн. теңгені құрайтын микронесие алды. 12 адам 32,8 млн. теңге көлемінде қайтарылған қаржы есебінен қайта микронесие алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында (қоныс аудару мен жұмысқа орналасуға көмектесу және оқыту) жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 1286 адам қамтылып, оның ішінде 497 азамат жастар практикасына, 182 адам кәсіби білім алуға жіберілді, ал 607 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын  іске асыруға 2016 жылы 128,4 млрд. теңге бөлінген болатын.

25 қазан, 2016 - 15:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші