X
egov

You are here

Шымкентте «Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане

Бүгін Шымкент қаласында «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесінің аясында аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Мүгедектердің, жасы ұлғайған адамдардың және халықтың өзге де тобының өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау – ҚР ДСӘДМ қызметінің басым бағыттарының бірі.   

Шарада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиындықтарына тап болған 250 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде 100 мыңнан астам шын мәнінде көмекке зәру адамдарға көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты.

Биылғы жылы аймақтық комиссия 178 өтінішті қарастырып, 32 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды.

Құрамына министрліктің, БАҚ-тың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері кірген іріктеу комиссиясының мүшелері ҚР ДСӘДМ сайтындағы берілген дауыстардың нәтижесін есепке ала отырып, еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асыруға болатын ең үздік жобаларды анықтады.

Бірінші орын «Онлайн сурдоаударма қызметі» әлеуметтік жобасының авторы Алматы қаласының тұрғыны Сергей Махашевке берілді. Қаржылай сыйлықтың көлемі –  2 млн. теңге.

Екінші орынды «Көкшетау қаласында және Красный Яр ауылында тұратын, қозғалыста қиыншылық көретін 1 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға үйде паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы иеленді. Оның авторы көкшетаулық Василий Шиманский 1,5 млн. теңгеге ие болды.

Үшінші орынға «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» әлеуметтік жобасының авторы, Астана қаласының тұрғыны Анна Рыль ие болды, қаржылай сыйлық көлемі – 1 млн. теңге.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы жылдар аралығында «Үздік әлеуметтік жоба» атағын алу үшін байқауға 495 өтініш қабылданып, оның 94-і өңірлік санатта жеңімпаз атанған болатын. Байқау жеңімпаздары жалпы санының 17 әлеуметтік жобасы өз қаражаты есебінен, 38-і демеушілер мен тартылған қаржы, ал 39-ы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылады.

27 қазан, 2016 - 11:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші