X
egov

You are here

Кейінгі 6 жылда Қазақстанның 167 денсаулық сақтау ұйымында медициналық техника жаңартылды

медтехника

2010 жылдың қарашасынан 2016 жылғы қазанға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  «КазМедТех» АҚ көмегімен 167 денсаулық сақтау ұйымында медициналық техника жаңартылды. Осы кезеңде лизингке 500 астам бірлік медициналық техника сатып алынды.

«КазМедТех» АҚ тек осы жылы лизингке медициналық техника алуға 225 өтінімді мақұлдады. 2016 жылдың басынан бастап республиканың денсаулық сақтау ұйымдарында 61 бірлік медициналық техника орнатылды, жылдың сонына дейін тағы 27 орнатылатын болады. 137 бірлік медициналық техника келесі жылы емханалар мен ауруханаларға жеткізіледі.

Қазақстанның өңірлері арасында медициналық техниканы лизингке алу жүйесін Павлодар облысының медициналық ұйымдары белсенді пайдалануда. Кейінгі 6 жылда өңірдің 12 ұйымы 70 бірлік медициналық техниканы сатып алуға қаржылық лизинг контрактысына қол қойды.

«КазМедТех» АҚ 2010 жылы мемлекеттік және жеменшік медициналық ұйымдарын лизинг арқылы заманауи медициналық техникамен жабдықтау мақсатында құрылғанын естеріңізге саламыз.

Медициналық техниканы лизинг жүйесімен сатып алу - алынған жабдықтарды тиімді пайдалануға және әрбір аурухананың бейініне байланысты қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. 

31 қазан, 2016 - 16:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші