X
egov

You are here

Биыл Қызылорда облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы аясында 254 әлеуметтік нысан жүзеге асырылады

жұмыспен қамту

2016 жылы Қызылорда облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге бөлінді.

Осы қаражат есебінен 254 әлеуметтік нысан жүзеге асырылады.

Жөнделетін ғимараттардың 59 – білім беру, 20 – мәдениет, 109 – транспорттық инфрақұрылым, 10 – спорт, 45 – абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары. Сонымен қатар 11 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарлануда.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1819 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 875 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.  

Бүгінгі күні 152 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 424 адам жұмысқа тұрды, оның ішінде 268 адам – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді. 

1 қараша, 2016 - 12:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші