X
egov

You are here

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын азаматтардың 88% астамы егілді

вакцинациялау

Қазақстанда ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 1 млн. 281 мың 784 адам егілді. Бұл егілуге жататын азаматтардың жалпы санының 88,1% құрайды, оның ішінде 148 мың 14 медициналық қызметкер, 65 мың 262 жүкті әйел, созылмалы аурулары бар, соның ішінде  мектеп оқушылары 455 мың 224 бала, 51 мың 993 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 55 мың 52 қарт адамдар, 506 мың 239 жүмыс ұжымының өкілдері бар.

Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, егілген адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды. 

2 қараша, 2016 - 14:07 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші