X
egov

You are here

Астанада медициналық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және техникамен жабдықтау саласындағы әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды

конференция

Бүгін 13-ші Қазақстандық халықаралық «AstanaZdorovie - 2016» көрмесі және «Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы. Заманауи беталыстар» тақырыбында  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «СК-Фармация» ЖШС мен «ҚазМедТех» АҚ бірлесіп ұйымдастырған халықаралық конференция шеңберінде шетелдік компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілер қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Конференцияны ашқан Тамара Дүйсенова тәуелсіздік жылдары Қазақстанда өзіндік фармацевтикалық нарық қалыптасқанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта отандық фармацевтикалық нарығы кеңес одағынан кейінгі кеңістіктегі ең тиімді дамып келе жатқан салалардың біріне айналды.

Бұған ел экономикасының қарқынды дамуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назары ықпал етті. Соңғы 10 жылда Қазақстандағы фармацевтика нарығының көлемі 3 есеге ұлғайды және қазіргі уақытта 1,8 млрд. астам долларға жетті (2005 жылы - 465,3 млн. доллар)» - деді ол.

Министр халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

 «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қазақстандықтардың 2 млн астамы амбулаториялық деңгейде 49 әлеуметтік маңызды ауру түрлерінің 400-ден астам атаулары бойынша дәрі-дәрмектермен мемлекет есебінен қамтамасыз етілуде. 2015 жылы амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің қаржыландыру көлемі 85 миллиард теңгені құрады.

Өткен жылы дәрілік заттарды тиімді пайдалану үшін британдық сарапшылармен бірлесіп Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляры жасалып, енгізілді, оған клиникалық дәлелденген препараттар енгізілді»,-деді Тамара Дүйсенова.

2018 жылдан бастап фармацевтика саласында дәрілердің сапасына кепілдік беретін фармацевтикалық тәжірибелердің (GXP) стандарттары енгізіледі.

Бүгінгі таңда тіркелген және қабылдауға рұқсат берілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың  14 мыңнан астам түрі Мемлекеттік тізімде бар.

Еліміз ЕАЭО енгеннен бастап дәрілік өнімдер мен медициналық бұйымдардың айналымы мен ортақ қағидаларына қатысты келісімдерге қол қойылды және бекітілді. Халықаралық стандарттарға сай дәрілік өнімдер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы құрылады және ол үшін екі жақтың сарапшыларымен бүгінгі күні 40-қа жуық нормативті құқықтық актілер әзірленген.

Шара барысында «СК-Фармация» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізілетін ҚР Бірыңғай дистрибуция жүйесінің даму стратегиясымен таныстырды. 

 «КазМедТех» АҚ-ның Басқарма төрағасы Талғат Чиникеев медициналық техниканы өндіруші ірі мекемелермен бірлесіп денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі әзірленгенін конференция қатысушыларына жеткізді. Яғни, денсаулық сақтау ұйымдарына 5-тен 100 миллион теңгеге дейін тұратын техниканы лизингке алу ұсынылады.

Шара соңында бірқатар меморандумдарға қол қойылды:

- ҚР ДСӘДМ және «Ново Нордиск А/С» (Дания) компаниясы арасында денсаулық сақтау саласындағы білім және тәжірибе алмасумен бөлісуді қамтитын ынтымақтастық жөнінде; меморандумға қол қойылды.

- «СК–Фармация» ЖШС және Түркияның дәрімен қамтамасыз ету агенттігі арасында дәрімен қамтамасыз ету саясаты саласындағы ынтымақтастық, фармацевтика өнімдерін қадағалау жүйесін іске асыру, мемлекетаралық дәрімен қамтамасыз ету ұлттық жүйе ерекшеліктері жөнінде ақпарат алмасу қарастырылған; меморандумға қолы қойылды.

- «ҚазМедТех» АҚ және «Philips» компаниясының ресейлік өкілдігі арасында ҚР денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникалармен жабдықтау және медициналық жабдықтардың сервистік қызмет көрсетуін дамытуды қарастыратын ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

3 қараша, 2016 - 13:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші