ҚР ДСӘДМ Ведомствоаралық комиссияның отырысына қарауға денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ Ведомствоаралық комиссияның отырысына қарауға денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды

ДСӘДМ

Бүгін  ҚР ДСӘДМ ҚР Әділет министрлігіндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысына қарауға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын ұсынды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі  Елжан Біртанов отырыстағы өзінің баяндамасында аталған заң жобасын әзірлеу әлеуметтік-еңбек саласында  және денсаулық сақтау жүйесінде,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – МӘМС) енгізу  мәселесін қоса алғанда, сондай-ақ  Мемлекет Басшысының  әлеуметтік саладағы жаңа қабылданған заңдарға болуы мүмкін  әлеуметтік тәуекелдердің мәніне  талдау жүргізу қажеттілігі туралы  2016 жылғы 14 маусымдағы хаттамалық тапсырмасын, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 81-қадамын іске асыру мақсатында ҚР заңнамасын  жетілдіру және дамыту қажеттілігімен шарттасатынын атап өтті. 

Заң жобасымен:

1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет жарна төлейтін азаматтардың тізімін кеңейту қарастырылуда, олар:

-  18 жасқа дейін мүгедек балаға күтім жасайтын тұлғалар;

- 1 жыл бойы жұмыс жасамаған оралмандар;

-  орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімдерінде оқуды бітірген, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында 6 ай бұрын оқуды бітірген тұлғалар;

- («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңмен белгіленген) мемлекет жарна төлейтін категориялар арасынан шетелдік және Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

2. ҚР азаматтарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтылуын кеңейту.

Атап айтқанда МӘМС  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» ҚР Заңына сәйкес жарналарды төлеуден босатылған  тұлғаларды қоспағанда оларға жарналар мемлекеттен түсетін және жұмыс күшінің құрамына  кірмейтін  тұлғалар  қосылатын болады (осы ұғым  «Халықты жұмыспен қамту» ҚР заңымен енгізілді). Мұндай санаттағы адамдардың құрамына  мысал келтіріп өтейін, оларға үй шаруашылығындағы адамдар, өзінің жеке ісімен айналысатын өндірістегі  адамдар жатады. Олар Қорға жарнаны өздігінен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерінен  2%, ал 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3%, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5%,  2021 жылдан бастап - 7% мөлшерлеме негізінде төлейтін болады.

МӘМС жүйесіне республикадан тысқары жерге тұрғылықты жерін ауыстырып көшіп кеткен азаматтарды қоспағанда шетелде жұмыс істейтін азаматтарды тарту ұсынылады. Олар жарнаны қорға  тиісті қаржы жылына  белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес мөлшерде аударатын болады. Жарналарды төлеу мөлшерлемесі мен мерзімдері  жұмыс күшіне кірмейтін адамдар үшін белгіленген жарналармен бірдей болады. 

Одан басқа МӘМС жүйесіне ҚР-да халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, дипломатикалық өкілдіктерде және ҚР-да аккредиттелген  шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелерінде  жұмыс істейтін адамдар қосылатын болады. Оларға МӘМС жүйесінде  медициналық көмекті алуға  құқықты иелену үшін оларға уәкілетті орган айқындаған  аударымдар мен жарналар ұсталмайтын жұмыс берушінің есептеген  табысынан  жарналарды аудару қажет.  Оларға  да жарналарды төлеу мөлшерлемесі мен мерзімдері  жұмыс күшіне кірмейтін адамдар үшін белгіленген жарналармен бірдей болады. 

3. Мемлекет тарапынан қорға әскери-медициналық ұйымдардан тыс (ҒЗИ, жекеменшік және мемлекеттік медициналық ұйымдар) әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жарналарды аудару ұсынылады.   

4. МӘМС жүйесіне  медициналық қызметтерді көрсетуден басқа  стационарлық және амбулаториялық науқастарды дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  ету қосылатынын ескеретін болсақ, заң жобасында  МӘМС жүйесіне  дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы денсаулық сақтау  субъектілерін тарту қарастырылған. Осыған байланысты ТМККК  шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі фармацевтикалық қызметтерді сатып алу, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және өткізу қызметтерін сатып алу және ҚР Үкіметінің оларды сатып алу тәртібін айқындауды  «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының қолданысынан  шығаруды ұсынылады.

Бұның барлығы  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМККК шеңберінде  барлық медициналық қызметтерге ақы төлеу функцияларын Қорға беру ұсынысымен байланысты болып отыр.

5. МӘМС жүйесіне  медициналық қызметтерді көрсетуден басқа  стационарлық және амбулаториялық науқастарды дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  ету қосылатынын ескеретін болсақ, заң жобасында  МӘМС жүйесіне  дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы денсаулық сақтау  субъектілерін тарту қарастырылған. Осыған байланысты ТМККК  шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі фармацевтикалық қызметтерді сатып алу, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және өткізу қызметтерін сатып алу және ҚР Үкіметінің оларды сатып алу тәртібін айқындауды  «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының қолданысынан  шығаруды ұсынылады.

6. Медициналық мекемелерде Корпоративті басқаруды жетілдіру мақсатында қарау кеңесінің өкілеттілігіне уәкілетті атқарушы органды (басқару) және ішкі аудит қызметін енгізу ұсынылады.

7. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасында (қазіргі таңда  заң жобасы ҚР Парламентінде қаралуда) жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына медициналық қызмет көрсету саласын денсаулық сақтау жүйесіне беру ескерілген, соған байланысты осы заң жобасымен   кейбір заңнамалық актілерге мектеп медицинасын одан әрі реформалауға бағытталған  түзетулерді енгізу ұсынылып отыр. 

Бұл жаңа бастамалар   мамандандырылған, арнайы мамандандырылған білім беру ұйымдарында (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған),  жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға (заңды өкілдері) арналған білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге бағытталған.

8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің ережесін халықаралық ынтымақтастық саласындағы қатынасты реттеуді жетілдіру (жетекші шетелдік медициналық білім ұймдарымен ҚР медициналық білімі мен ғылымын ұйымдастыруда әріптестік стратегиялық сұрақтары)

9. «Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы»  ҚР Заңына өзгертулер енгізу халықты жұмыспен қамту орталықтарына, дайындау, бекіту және жұмыссыз азаматтар үшін жеке карта жүргізу, сонымен қатар аталған азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру өкілеттілігін беру ұсынылады.

 Заң жобасын қабылдау жағымсыз экономикалық, әлеуметтік, құқықтық салдарларға әкелмейді. 

3 қараша, 2016 - 17:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші