А. Цой және Р. Главан денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық орнату жөнінде келісті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

А. Цой және Р. Главан денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық орнату жөнінде келісті

соглашение

Бүгін Минскі қаласында өткен Шығыс Еуропа және Орта Азия елдерінде сапалы және қымбат емес антиретровирустық және туберкулезге қарсы препартаттардың қолжетімділігін кеңейту жөніндегі Өңірлік жиын шеңберінде екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой және  Молдова Республикасының Денсаулық сақтау министрі  Руксандра Главан денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық орнату  жөніндегі келісімге қол қойды.

Тараптар фармацевтикалық қызметте, кадрларды дайындау, бірлескен ғылыми жұмыстарды өткізу, бірлескен ғылыми әзірлемелерді жүргізу; денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау жүйесін реформалау, медициналық статистиканы ұсыну, ерекше қауіпті инфекциялардың таралу қаупі туындаған жағдайда медициналық көмек көрсету және өзара іс-қимыл жасау, дәрілік заттарды және медициналық техниканы стандарттау,  тараптар мемлекеттері халқының денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы ұлттық бағдарламалардың басым міндеттерін шешу жөнінде өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісті.

3 қараша, 2016 - 19:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші