X
egov

You are here

«ЖҚЖК 2020» іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді

ДКЗ 2020

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылған уақыттан бері 2011 жылдан 2016 жылға дейін мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді. Оның ішінде 56 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағаты барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

ҚР ДСӘДМ басшысы осы кезеңде еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің сандық және сапалық жағынан оң серпіні байқалатынын атап өтті.

Жұмыс күші құрамының сапалық өзгерісі жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 6,3%-ға және жалдамалы жұмыскерлер саны 16,6%-ға өскенімен сипатталады. Жұмыссыздар саны 9%-ға төмендеді, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 14%-ға, ал өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар соңғы үш жылда үш есе азайды. 

«Бағдарлама іске асырылған уақыттан бері мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілген. Оның ішінде 563 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты. Осы жылдың 9 айында бағдарламаға 146 мыңнан астам адам қатысты», - деді Тамара Дүйсенова.

Министр бірінші бағытта қарастырылған (жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен қамтамасыз ету) шаралар экономикалық дағдарыс кезінде әлемдік тәжірибеде өзін жақсы жағынан көрсеткен шараларды көздейтінін атап өтті.

«Жаппай жөндеу жұмыстары және ауылдарды абаттандыру жұмыссыз, ең алдымен ауыл халқын жаппай уақытша жұмыспен қамту, бұл оларды белгілі бір кіріспен қамтамасыз етуге, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне қатысуына, ауылдық инфрақұрылымды қолдау есебінен жеткіліксіз және тозған нысандарды қалпына келтіруге; бағдарламаның жөндеу жұмыстары бойынша қазақстандық қамту жөніндегі талаптарын ескере отырып, отандық шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Министр.

2016 жылы 5712 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 3607 жоба ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Үкіметтің арнайы резервінің қаражаты есебінен көзделуде, осы жобалар тұрғындар жиынының шешімі бойынша ең шалғай ауылдарда іске асырылады.

Жобалардың негізгі бөлігі – бұл жолдар мен білім беру нысандарын жөндеу. Өңірлер бөлінісінде жобалардың көбісі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске асады.

«Көрсетілген жобаларда 41 мыңнан астам жұмыс орындарын құру көзделуде. Ағымдағы жылы Бағдарламаның бірінші бағытына барлығы 81,5 млрд. теңге бөлінді. Жұмыс кестесіне және қаржыландыру жоспарына сәйкес, әкімдіктер ағымдағы жылғы қараша-желтоқсан айларында бөлінген қаржаттарды толықтай игереді деп күтілуде, - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Бағдарламаның екінші бағытының мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және жұмыссыздарға жеңілдік шарттарында шағын несие беру арқылы олардан дара кәсіпкерлерді қалыптастыру болып табылады.

«2016 жылы шағын несие беруге жалпы 30,8 млрд. теңге көзделген. Алдыңғы жылдардағы тәжірибе Бағдарламаға қатысушылардың шағын несиені ауыл шаруашылығында (79 %), оның ішінде басым бөлігін мал шаруашылығында пайдаланатындығын көрсетті, өйткені бұл ауылдықтар үшін ең түсінікті және қолжетімді бизнес.

Сондықтан, біз биыл тәсілдерді өзгерттік. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуді және жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ашуды ынталандыру үшін несие мөлшерін 6 млн. теңгеге дейін ұлғайттық. Кооперация оларға жемдеу және өнімдерді өткізу мәселелерін бірлесіп шешуге, нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге және тиісінше ауылдастар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға оң әсерін тигізді. Осы мақсаттарға жалпы бөлінген сомадан 10 млрд. теңге бағытталды, - деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова.

Ағымдағы жылы барлығы 9 мың адамға шағын несие беру жоспарлануда, бұл ретте қосымша 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Қазігі сәтте 6834 микрокредит берілді. Бұл ретте, микрокредиттердің 89 %-ы ауыл шаруашылығында пайдаланылды.

 

Бағдарламаның үшінші бағыты азаматтарды оқытуды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді, сондай-ақ жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс тапшы өңірлерге көшіруді көздейді. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 10,8 млрд. теңге бөлінді.

«2013 жылдан бастап бағдарлама шеңберінде оқыту одан әрі жұмысқа орналастыру міндеттемесімен жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша ғана жүргізіледі. 1 қазандағы жағдай бойынша 6621 адам оқуға жіберіліп, оның 4182-сі оқуды аяқтады. Жұмыс берушілер олардың 3751-ін немесе оқытуды аяқтаған барлық тыңдаушылардың 90%-ын жұмысқа орналастырды»,-деп мәлімдеді ҚР ДСӘДМ басшысы.

 Жас түлектерді және халықтың жекелеген санаттарын қолдау үшін бағдарламада мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құру тетігі қолданылады.

Бұл халық арасында үлкен сұранысқа ие және жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін сипаттайтын әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы. Ағымдағы жылы бағдарламаның осы құралдарын 27 мыңнан астам адам пайдаланды.

«Бұл уақытша жұмыспен қамту еңбектік, кәсіби дағдылар алуда айтарлықтай көмек болып табылады, бұл олардың одан әрі тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ағымдағы жылдың 1-қазанына әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын аяқтағандардың 81%-ы және жастар практикасын аяқтағандардың 60 %-ы тұрақты жұмысқа ие болды», - деді Министр.

Тамара Дүйсенова бағдарлама іске асырылған кезеңде 18 мыңға жуық адам немесе 5 мыңнан астам отбасы қоныс аударғанын, еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелерінің 78%-ы тұрақты жұмысқа орналасқанын айтып өтті.

«Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бағдарламаға бірқатар дағдарысқа қарсы жаңа тетіктер мен құралдар енді, бұндағы басты шарт жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жұмыстан босату қаупі болған кезде, жұмыс орындарын сақтауы болып табылады.

Бағдарлама арқылы 1949 жас жұмыскерді оқыту ұйымдастырылып, жұмыс беруші жұмыс орындарын қысқартпауы шарттарында 702 жұмыскерді оқытуға жұмыс берушілерге гранттар берілді. Бұдан басқа, зейнеткерлік жас алдындағы жастағы 985 адам оқытылды.

Елдің сегіз ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жалақыларының бір бөлігін уақытша субсидиялау тетігі алғаш рет қолданылды. Субсидиялауға 3 мыңнан астам адам қатысты және олар үшін 127 млн. теңге бөлінді», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.  

 

7 қараша, 2016 - 10:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші