2012 жылдан бері Қазақстанда ағзаларды транспланттау бойынша 1 мыңнан астам ота жасалды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2012 жылдан бері Қазақстанда ағзаларды транспланттау бойынша 1 мыңнан астам ота жасалды

трансплантация органов

2012 жыл мен 2016 жылғы қазан айының аралығында Қазақстанда туыстық және қайтыс болғаннан кейінгі донорлар арқылы 1011 ағзаны  транспланттау жасалды.  Оның ішінде бүйрек – 793, бауыр – 170, жүрек – 41, өкпе – 5, ұйқы безі – 2. Сонымен бірге, балалардың гемопоэтикалық бағаналық тіндерін 41 транспланттау отасы жасалды. 

Жыл сайын әлемде 100 мыңнан астам адам ағзаларын ауыстыру және 200 мыңдай жасушалар мен тіндерді транспланттау жасалады. Оның негізгі бөлігі бүйрек, бауыр, жүрек, ұйқы безі болып табылады.

Қазақстандағы транспланттаудың даму тарихы 1979 жылдан басталады. Алғаш рет Қазақ ССР-да Емханалық және тәжірибелік хирургия институтында мәйіттік донордан бүйректі транспланттау отасы жасала бастаған болатын. Еліміздегі транспланттауды дамыту алғышарттары тұңғыш рет жүрек, бауыр, өкпені транспланттау жасала бастаған тәуелсіздік жылдарында бастау алды. Алдыңғы қатарлы жабдықтармен қамтамасыз етілген заманауи медициналық емханалар салынды. Ағзалық функциялардың жеткіліксіздігі бар пациенттерге алмастыру терапиясынан бастап ағзаны ауыстыру отасы мен оңалту шараларын көрсету сияқты медициналық көмектің барлық түрін көрсететін жоғарғы санатты мамандар дайындалды.

Айта кету керек, Қазақстандағы транспланттау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүргізіледі. Қазіргі таңда ағзаларды ауыстыру бойынша оталар республиканың 10 медициналық ұйымдарында жасалады. Егер 2012 жылы ағзаларды транспланттаудың 65 отасы жасалса, 2014 жылдан бастап жыл сайын 200-ден астам ота жасалып келеді.

Қайтыс болғаннан кейінгі ағза доноры мен транспланттауды дамыту мақсатында 2012 жылы республикада транспланттауды үйлестіру жүйесі құрылды. Бүгінде халықты ағзаларды донациялауға өмірлік келісім беру туралы хабардарлығын арттыру; кадаврдан (мәйіттік донор) транспланттауды дамыту; туыс және туыс емес донордан ағзаларды және сүйек кемігін транспланттау және «донорларды, рецепиенттер мен транспланттауды күтіп жүрген адамдарды тіркеу» бірегей ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар атқарылып келеді.  

 

8 қараша, 2016 - 11:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші