«СК-Фармация» ЖШС ҚР медициналық ұйымдарын ТМККБК аясында дәрілік заттармен алдын ала қамсыздандырды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«СК-Фармация» ЖШС ҚР медициналық ұйымдарын ТМККБК аясында дәрілік заттармен алдын ала қамсыздандырды

СК-Фармация

2016 жылы Бірыңғай дистрибьютор арқылы Қазақстанның медициналық ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уақытылы әрі үздіксіз жеткізу қамсыздандырылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз конференциясында «СК-Фармация» ЖШС Басқарма басшысы Нұржан Әлібаев мәлімдеді.

Ол бүгінгі таңда қараша айындағы дәрі-дәрмек қажеттілігі медициналық ұйымдарға толық көлемде жеткізілгенін хабарлады.

«15 қарашаға дейін дәрі-дәрмектердің жылдық негізгі көлемі жеткізіледі, қазірде ол 93%-ға орындалды», - деп атап айтты Нұржан Әлібаев.

2016 жылы Бірыңғай дистрибьютор 114 млрд. теңге көлеміндегі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды республиканың 1115 медициналық ұйымына жеткізді. Аталған жағдайда бюджет қаражаты 5,4 млрд. теңгеге үнемделді.

«СК-Фармация» ЖШС-ның тарихында тұңғыш рет 2017 жылдың тендерлері алдын ала өткізілді. Өнімдердің 90% бойынша жеткізушілермен келісім-шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьютор 2017 жылдың бірінші жеткізілімін осы жылдың желтоқсанында жүзеге асыруға дайын.

Сонымен бірге, 2016 жылы компанияда логистиканың жаңа әдістері енгізілді. Оның негізгі ерекшелігі – медициналық ұйымдарды келесі айда дәрілермен қамтамасыз етуді ағымдағы айдың 15-не дейін жүзеге асыру.  

Сондай-ақ, «СК-Фармация» ЖШС-ның ресми сайтында интерактивті анықтама жұмыс істеп тұр. Онда Бірыңғай дистрибьютор арқылы барлық медициналық ұйымдар бойынша сатып алынған дәрілік заттардың қалдықтары туралы қолжетімді ақпарат бар. 

8 қараша, 2016 - 16:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші