Қазақстанда АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша айлық басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша айлық басталды

вич

2016 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін еліміздің барлық өңірлерінде Халықаралық ЖИТС-пен күрес бүкіләлемдік күніне орайластырылған АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жыл сайынғы айлық өтеді.

Кампанияның негізгі мақсаты – халықтың хабардарлығын арттыру, қоғам назарын АИТВ/ЖИТС проблемаларына аудару, профилактикалық бағдарламаларды қолдау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік пен стигманы төмендету.

Айлық аясында АИТВ/ЖИТС профилактикасы мен контрацепция құралдары туралы ақпараттық-ағартушылық материалдарды тарату арқылы халықтың осал топтары мен жастар арасында баспасөз конференциялары, тренингтер, мини-сессиялар; сонымен қатар, халықаралық ұйымдар, жастар мен ҮЕҰ-ның қатысуымен мәдени-қоғамдық шаралар, марштар мен марафондар; акция өткізілетін жерлерде «АИТВ-ны анықтауға тексеріл» экспресс-тестілеуін және т.б. шараларды өткізу жоспарланып отыр.

ҚР ДСӘДМ ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу республикалық орталығы қазақстандықтарды кампанияны қолдауға, АИТВ-ның алдын алу шараларын жандандыру үшін «Мен АИТВ-ның алдын алуға келісемін!», «Кемсітушілік жоқ» және т.б. сияқты қысқа сөзді немесе сөздер тізбегін алақандарына жазып, суретке түсіп, өз пікірлерін білдіруге шақырады. Азаматтар өз суреттерін ЮНЭЙДС-тің  Facebook парақшасында жариялай алады.

ЮНЭЙДС бағалауы бойынша әлемде соңғы 5 жылдың ішінде әр жыл сайын 1,9 млн. адам АИТВ-ны жұқтырады.  

Бүгінгі таңда Қазақстанда АИТВ инфекциясының эпидемиясы шоғырланған деңгейде. «15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдер тобының қатарына кіреді. 

Тұрғындардың және халықтың осал тобы арасында профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде АИТВ инфекциясының таралу ағынын ұстап тұру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. АИТВ бар адамдарды РҚЕ-терапиясымен қамту көрсеткіші 2005 жылғы 43%-дан 2015 жылы 79%-ға дейін артты. 

Медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ) емдеу бойынша ұсынымдарын енгізу нәтижесінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында ЖИТС-тан болатын өлім 2010 жылы 1 мың адамға шаққанда 16,1-ден 2015 жылы 9-ға дейін 1,8 есеге төмендеді.

Қазақстан халқы үшін АИТВ-ға тестілеу қолжетімділігі жалпыхалықтық болып табылады. АИТВ-ны анықтауға жыл сайын 2 млн-нан астам адам тестілеуден өтеді.

АИТВ инфекциясы бар әйелдер мен олардан туған балалар ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес республикалық бюджет есебінен профилактикалық ем қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, ДДСҰ алғаш рет ЖИТС-пен күрес күнін 1988 жылы жариялаған болатын. Бұл күні қоғам эпидемияға тап болған адамдарға тілектестік білдіріп, бүкіл әлемде таралып келе жатқан АИТВ инфекциясымен күресті қолдайды.  

10 қараша, 2016 - 18:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші