Қазақстанда шылым шегуден бас тарту онкүндігі басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда шылым шегуден бас тарту онкүндігі басталды

шылым шегу

2016 жылғы 14 және 23 қараша аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде  Шылым шегуден бас тарту халықаралық күніне арналған онкүндік өтеді.

Оның мақсаты – халықтың темекі бұйымдарының ағзаға әсері туралы хабардарлығын арттыру, шылым шегудің таратылуын азайту, дәрігерлер мен тұрғындардың шылым тәуелділігіне қарсы күрес белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Онкүндік шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (бұдан әрі - МСАҚ) медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, психологтар үшін халыққа профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша семинар – тренингтер өткізу;   темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетін тұлғаларға қолдау көрсету мақсатында МСАҚ, темекіге қарсы орталықтар/кабинеттер және жастар денсаулық орталықтары мамандарының кеңестерін ұйымдастыру жоспарлануда. Денсаулық мектептерінде мінез-құлық факторларының қауіп-қатерін алдын алу бойынша жұмыс жандандырылады.  

Шылым шегу белсенді, сондай-ақ пассивті темекі тартушылардың денсаулығына зиян келтіреді. Темекі түтіні жүрек қан тамырлары және респираторлық, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруына, өкпе обырына  және т.б. ауруларға әкеліп соғады. Емшек еметін нәрестелерді аяқ астынан өлім-жітімге әкелуі ықтимал. Темекі түтінінен жүкті әйелдер салмағы аз сәби босанады.

2006 жылы Қазақстан шылым шегудің таратылу деңгейін төмендету және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған ДДҰ Негіздемелік конвенциясын ратификациялады.

Шылым шегуден бас тарту халықаралық күні 1977 жылдан бері қараша айының үшінші бейсенбісінде  ДДҰ-ның қолдауымен Америкалық онкологиялық қоғамының ұсынысымен өткізілетінін естеріңізге саламыз.

14 қараша, 2016 - 16:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші