ҚР ДСӘДМ алматылық ғалымдардың әзірлеген инновациялық препараттарын тіркемейтіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ алматылық ғалымдардың әзірлеген инновациялық препараттарын тіркемейтіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

дәрі

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген онкологиялық ауруларға қарсы инновациялық препараттарды тіркемейтіні туралы БАҚ жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық дәрілік заттар тіркеу рәсіміне дейін міндетті түрде клиникаға дейінгі зерттеулерден (зертханаларда) және клиникалық зерттеудің үш фазасынан (денсаулық сақтау ұйымдарында) өтуі тиіс. Қазақстанның аумағында зерттеу жүргізу үшін ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің рұқсат алу қажет.

Дәрілік заттың сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін дәлелдейтін оң қорытындылар алынғаннан кейін, ол міндетті түрде ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сараптамадан өтеді.

Оң қорытынды алған жағдайда, ҚР ДСӘДМ медициналық препаратты Қазақстанның аумағында қолдануға рұқсат беретін тіркеу куәлігін береді.

Сараптамадан өткізу және дәрілік затты тіркеу шарттары отандық және шетелдік өндірушілер үшін де бірдей.

ҚР ДСӘДМ Қазақстанның аумағында отанымызда өндірілген (БАҚ ұсынған ақпараты бойынша «Альнусидин» және «Лейкоэфдин» препараттары) онкологиялық ауруларға қарсы дәрілік заттарға клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат берген жоқ.

Отандық өндірушілерден жоғарыда көрсетілген препараттарды сараптамадан өткізуге және тіркеуге өтінім келіп түскен жоқ.

Сонымен бірге, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу кезінде Қазақстанда республикамызда өндірілген дәрілік заттар қолданылатынын атап өту қажет. Атап айтқанда, 2004-2005 жылдары ҚР «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС өндірген «Арглабин» препараты тіркелген және қолдануға рұқсат етілген. 2016 жылы өндіруші қата тіркеуге құжаттар ұсынған жоқ.

Бұдан басқа, тері ауруларына қарсы «Рамон» отандық өнімінің Қазақстанда қолдануға рұқсат алмағаны туралы БАҚ жарияланған ақпарат та шындыққа сай емес. Аталған препарат 2004 жылғы 18 маусымнан бастап 2009 жылғы 18 маусымға дейін ҚР тіркелген және қолдануға рұқсат етілген. Қайта тіркеуге өндіруші («Химфарм» АҚ) құжаттар тапсырған жоқ. 

Тегтер:
15 қараша, 2016 - 16:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші