АҚШ сарапшысы Қазақстандағы трасплантологияның дамуына жоғарғы баға берді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

АҚШ сарапшысы Қазақстандағы трасплантологияның дамуына жоғарғы баға берді

трансплантология

Бүгін АҚШ-тың Трансплантация және донорды үйлестіру ұлттық орталығы ақпараттық бөлімінің директоры Маргарет Роджерстің ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен кездесуі барысында Қазақстандағы трансплантологияның дамуына жоғары баға берді.

Ол қысқа уақыт ішінде Қазақстанда әлемдегі стандарттарға сай ағзаларды алмастыру бойынша оталарды жасауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық көмектің түрлері енгізілгенін, сонымен қатар трансплантациялық үйлестіру жүйесі құрылғанын  атап өтті.

Сонымен бірге Маргарет Роджерс «ағза пациенттің соңынан ереді» принципі бойынша орган алмастыруға мұқтаж адамдар арасында донорлық ағзаларды бөлу жүйесін құруды ұсынды.

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова АҚШ-тан келген сарапшыға Қазақстанда донорлар және ағзаларды алмастыруды күтіп отырған тұлғалардың бірыңғай регистрі енгізілетінін хабарлады.

Кездесу сонында ҚР ДСӘДМ басшысы Маргарет Роджерсті пациенттер оңалтудан өтетін  процестің барлық қатысушыларымен (донорлық стационарлар, трансплантациялық орталықтар және медициналық ұйымдар) ағзаларды трансплантациялау қызметтерін төлеу туралы АҚШ-тың тәжірибесімен бөлісуді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жыл мен 2016 жылғы қазан айының аралығында Қазақстанда туыстық және қайтыс болғаннан кейінгі донорлар арқылы 1011 ағзаны  транспланттау жасалды.  Оның ішінде бүйрек – 793, бауыр – 170, жүрек – 41, өкпе – 5, ұйқы безі – 2. Сонымен бірге, балалардың гемопоэтикалық бағаналық жасушаларын 41 транспланттау отасы жасалды.  

16 қараша, 2016 - 19:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші