X
egov

You are here

Бішкекте сарапшылар Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі АИТВ-инфекциясын тестілеуді жетілдіру мәселелерін талқылады

Аймақтық жиын

Бүгін Қырғызстан астанасында АИТВ-инфекциясы практикасын жетілдіру және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия (бұдан әрі – ШЕОА) елдеріндегі зертханалық қызмет жүйесін жақсарту мәселелері бойынша Аймақтық жиын аяқталды. 

Іс-шараға денсаулық сақтау министрліктерінің,  Ауруларды қадағалау және алдын алу жөніндегі орталықтарының (CDC) өкілдері, зертханалық қызметтердің, эпидемиологиялық бақылаудың мамандары, халықаралық сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Жиында АИТВ-ны тестілеуді реттейтін негізгі қағидалар қаралды: ШЕОА елдерінде қолданылатын АИТВ-инфекциясын диагностикалаудың зертханалық әдістері мен алгоритмдері, стратегиясы; диагностикалау сапасын арттыру және АИТВ-ны тестілеудің қолжетімділігін кеңейту мәселелері; АИТВ-ға жедел тестілерді пайдалануды бағалау.

Сондай-ақ, АИТВ-ны диагностикалаудың ұлттық регламенттеріне арналған жалпы ұсынымдарды әзірлеу, АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау әлеуетін әрі қарай дамытуға бағытталған серіктестік ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықты орнату мәселелері де талқыланды.

Қазіргі уақытта, сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан АИТВ/ЖИТС проблемаларын шешуде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын енгізу бойынша ШЕОА көшбасшы елдерінің бірі болып табылады.  

ҚР ДСӘДМ ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин жиында сөйлеген сөзінде, Бүкіләлемдік экономикалық форумның рейтингісінде Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің  «15-49 жас бойынша тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының таралушылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан 0,18% көрсеткішімен бірінші орын алатын елдер тобына кіретіндігін атап өтті. АИТВ-инфекциясының таралушылық қарқынын тежеу тұрғындар мен осал топтар арасында алдын алу бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында қамтамасыз етіліп келеді.    

 «АИТВ-инфекциясына тестілеудің қолжетімділігі Қазақстан тұрғындары үшін жалпыға ортақ болып табылады. АИТВ-инфекциясын анықтауға жыл сайын 2 млн. астам адам тестілеудін өтеді», - деп хабарлады Бауыржан Байсеркин. 

ЮНЭЙДС-тің «90:90:90» стратегиясына сәйкес, Қазақстан зертханалық қызметті нығайту және АИТВ-ға тестілеудің қолжетімділігін жақсартудың тиімді тәсілдерін алға жылжыту, АИТВ-ны диагностикалау сапасын арттыру мен емдеу нәтижелерін бақылауды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратындығын ол баса айтты.  

17 қараша, 2016 - 14:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші