X
egov

You are here

Астанада мүгедек балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

әлеуметтік қорғау

Бүгін Астанада ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және БҰҰ Балалар қорының 70 жылдығына (бұдан әрі - ЮНИСЕФ) арналған «Балаға мейірімді Қазақстан!» атты халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстандағы ЮНИСЕФ, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Конференция жұмысына қатысқан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова  Қазақстан тәуелсіздік жылдары мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау тиімді жүйесін құрғанын атап өтті.

«Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде балалардың құқықтарын қорғау саласында үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы екі маңызды халықаралық келісімді ратификациялады, олар: Балалардың құқықтары туралы конвенциясы және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау - мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Бүгінгі күні мемлекеттік қолдау шараларымен 77 мыңнан астам мүгедек балалар қамтылды», - деді ол.

Іс-шара шеңберінде «Ерекше қажеттілігі бар бала» атты дөңгелек үстел өтті, онда физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалардың өмір сүру сапасын және құқықтарын қамтамасыз ету, мүгедектікті анықтау және мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуде ведомствоаралық өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.

22 қараша, 2016 - 15:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші