X
egov

You are here

Т.Дүйсенова және ҚР ДСӘДМ-нің ұжымы В. Мининаның туыстарына көңіл айтады

ДСӘДМ

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және Министрлік ұжымы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (бұдан әрі - АБҰҒО) ем қабылдап, есіне келмей қайтыс болған, Виктория Мининаның туыстарына шын көңілден қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Жалпы алғанда қыз бала АБҰҒО-да «Зорлау зардабынан кейінгі тіркескен ауыр жарақат. Бас миының аноксикалық және метаболикалық зақымдануы. 3 деңгейдегі кома» негізгі клиникалық диагнозымен 87 тәулік ем алған (2016 ж. 27 тамыздан бастап). Бала ауруханада жағдайының ауырлығына байланысты, балалар анестезиясы, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқан. Дем алуы өкпені жасанды желдету аппаратымен іске асырылған. 

Викторияны аман алып қалу үшін дәрігерлер барлық мүмкіндіктерді қолданды. Балаға медициналық көмек көрсетілуі ҚР ДСӘДМ тұрақты бақылауында болды. Бірақ а.ж. 20 қазанда отандық мамандар Москва қаласының Шұғыл балалар хирургиясы және травматологиясы ҒЗИ-дағы әріптестермен бірге пациенттің бас миі бағанасы өлімін айқындады.

Ауруханада жатқан кезде Ресей, Ұлыбритания, Польша және Израильдің белгілі дәрігерлердің көптеген консультациялары ұйымдастырылған болатын. Барлық сарапшылар әлемде осындай жағдайда нерв жүйесінің функцияларын қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін методикалардың жоқтығы туралы қорытынды берді.

Қыздың өмірі оның ағзасы тіршілікті қамтамасыз ететін аппарат жүйелеріне әсер еткенше сақталып тұрды. 

Тегтер:
22 қараша, 2016 - 17:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші