Е. Бахмутова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ-ның Басқарма төрайымы болып сайланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Е. Бахмутова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ-ның Басқарма төрайымы болып сайланды

ДСӘДМ

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы №101 бұйрығымен Елена Леонидовна Бахмутова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі  - ӘМСҚ) Басқарма төрайымы болып сайланды.

Осы бұйрық ӘМСҚ жалғыз акционерінің шешімі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Әр жылдары Елена Бахмутова ҚР Ұлттық банкінің қаржылық бақылау департаментінің директоры, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау агенттігінің төрайымы қызметтерін атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2012 жылдың қаңтарынан бастап Елена Бахмутова «Самұрық – Қазына» (бұдан әрі – Қор) басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылдан бері басқарушы директор-басқарма мүшесі болып қызмет істеді, Қордың қаржылық тұрақтылығы, корпоративтік қаржы, инвестициялық және бюджеттік саясат салаларына жетекшілік етті.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астана» және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдерімен марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған.

22 қараша, 2016 - 19:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші