Биыл Алматы қаласында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 133 әлеуметтік нысан жөнделеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Биыл Алматы қаласында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 133 әлеуметтік нысан жөнделеді

ЖҚЖК 2020

2016 жылы Алматы қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 7,9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 133 инфрақұрылымдық нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жөнделетін ғимараттардың 33-і - білім беру, 8 – мәдениет, 11 – денсаулық сақтау нысандарын, 47 – көлік инфрақұрылымын, 3 – коммуналдық – инженерлік инфрақұрылымын және 31-і абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қамтиді.

Бүгінгі күні 128 жоба іске асырылуда, 1498 адам жұмысқа тұрды, олардың 973-і «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

29 қараша, 2016 - 14:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші