Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметі 33 млн. аса шақыртуды жүзеге асырды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметі 33 млн. аса шақыртуды жүзеге асырды

жедел көмек

2011 жылдан 2015 жыл аралығында Қазақстанның жедел медициналық көмек қызметіне (бұдан әрі - ЖМК) 33 млн. 615 мың 411 шақырту жүзеге асырылды. Өңірлер арасында ең көп шақырылым саны Оңтүстік – Қазақстан (4 млн. 619 мың), Алматы (4 млн. 49 мың) және Шығыс-Қазақстан облыстарында (3 млн. 454 мың) тіркелген, сонымен қатар Алматы қаласында – 3 млн. 452 мың. Азырақ жедел медициналық көмек қызметіне жүгінген Атырау облысының тұрғындары, барлығы 858 мың шақырылым.

Қазақстанда соңғы 10 жылда ЖМК-ке қажеттіліктің артуы байқалады: 2015 жылы 4,6 млн. шақырылымнан 2015 жылы 7 млн. дейін.

Шақырылған жерге бригаданың тез келуін қамтамасыз етуде уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи талаптар мен стандарттарға сай жаңа медициналық жабдықтар мен аппаратуралар, автомобильдермен реанимобильдер сатып алдынды.

Бүгінгі күнде ЖМК қызметінде 20 мыңнан аса адам қызмет етеді. Республика бойынша 24 дербес станциялар және 62 кіші станциялар жұмыс істейді, бір тәулікке 1300 бригада және автокөлік бірліктері жұмылдырылған.

Республикалық санитариялық авиация орталығымен ЖМК көліктерін бақылау және көрсеткіштерін мониторингілеу бірегей жүйесі жасалған, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен парамедиктерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттарын оқыту қажеттілігі анықталған, ЖМК қызметінің үйлестіру жүйесі жетілдірілуде (қалалық станциялар, ЖМК ауылдық пункттері).

Республика өңірлерінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін, кеңдігін және сапасын жақсарту мақсатында телемедицина жаңа моделінің концепциясы жасалды.

ЖМК және санитариялық авиацияның қызметкерлерін шұғыл көмек көрсету халықаралық стандарттары бойынша тәжірибелік дағдыларына оқыту үшін Республикалық санитариялық авиация базасында оқу-тренинг орталығы ашылған.

30 қараша, 2016 - 17:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші