Астанада отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия елдеріндегі туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелерін талқылауда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия елдеріндегі туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелерін талқылауда

конференция

Бүгін Астанада «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты жоғарғы деңгейдегі екінші аймақтық кездесу өтті. Екі күннің ішінде отандық және халықаралық сарапшылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелерін талқылайтын болады.

ҚР ДСӘДМ Туберкулез мәселелерінің ұлттық орталығы, Project HOPE, Туберкулез, безгек және ЖИТС-пен күрес Жаһандық қоры мен АҚШ-тың USAID халықаралық даму жөніндегі агенттігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Орталық Азия, Армения, Ресей және Украина елдерінің мемлекеттік органдарының, туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламалары және көші-қон органдарының өкілдері, сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ), «СТОП ТБ» Серіктестігінің, Көші-қон халықаралық ұйымының, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясының, Ратгерс (АҚШ) университеті Жаһандық туберкулез институтының және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу ҚР 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарының және «Қазақстан Республикасы еңбек мигранттары арасындағы туберкулез/АИТВ, туберкулезді, кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді емдеу мен трансшекаралық бақылау бойынша шаралар» атты Project HOPE ұйымының жобасы аясында ұйымдастырылды.

 «Туберкулезбен аймақтық деңгейде бірлесе отырып күресу үшін біз екінші жыл жиналып отырмыз. Бұл кездесу аймақтық деңгейде – елдер арасында, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам арасындағы туберкулезбен күресудегі ынтымақтастықтың тиімділігін көрсетеді. Біз жыл бойы жүргізілген тиімді қарым-қатынастың нәтижесінде туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша екіжақты келісім жасауға нақты қадамдар жасалғанын атап айтқымыз келеді. Бұл туберкулезбен күресуде ұзақмерзімді тетіктерді енгізуге мүмкіндік береді», - деп айтты Project HOPE атқарушы вице-президенті Линда Хейтцман.

Шараға қатысушылар 2015 жылғы қарашада Астанада өткізген бірінші жоғарғы деңгейдегі аймақтық кездесуде қабылданған 12 айға арналған Жол картасы/Іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың нәтижелерін талқылайды. Сонымен қатар, туберкулезді трансшекаралық бақылау бойынша екіжақты келісімді түбегейлі аяқтау және оны қол қоюға дайындау мақсатында келесі жылға арналған Жол картасы/Іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылатын болады. Құжатты жүзеге асыру – Орталық Азия елдерінің аурумен күресудегі туберкулезге қарсы бағдарламаларының күшін біріктіруге, әсіресе, еңбек ететін мигранттардың өз еліне оралған соң туберкулезге қарсы ем шараларын қадағалау мен олардың өзге елге аттануына дайындығына ықпал ететін болады.

Кездесудің нәтижесінде мигранттар арасындағы туберкулезді емдеудегі пациентке негізделген тәсілді енгізудің ерекшеліктері бойынша ұсынымдарды жинақтайтын қарар қабылданады.

Ағымдағы жылдың 10 айының нәтижесі бойынша туберкулезбен ауыратын адамдардың ұлттық регистріне мигранттар арасында аурудың 177 жағдайы тіркелген. Тіркелген мигранттардың саны бойынша Маңғыстау (40), Алматы (20), Оңтүстік Қазақстан (14) және Солтүстік Қазақстан (11) облыстары, Алматы (18) мен Астана (19) қалалары алдыңғы қатарда. Тіркелген мигранттардың арасында Өзбекстан (51,9%), Ресей Федерациясы (17,9%), Түркменстан (8%), Қырғызстан (8%) мен Әзербайжан (4,9%) азаматтары басым. 2016 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мн тубдиспансрлерге 753 сырттан келген мигранттар қаралып, тексеруден өтті (2015 ж. - 157). 

7 желтоқсан, 2016 - 10:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші