Қазақстанда Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұлттық ғылыми практикалық орталығы құрылады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұлттық ғылыми практикалық орталығы құрылады

ПСМП

2017 жылы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұлттық ғылыми практикалық орталығы (әрі қарай - МСАК) құрылады. Ол республикадағы барлық МСАК ұйымдарының қызметін үйлестіретін болады. Бұл туралы бүгін «Біріктірілген МСАК-тың инновациялық тәсілдері: Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы пилоттық жобаларды іс жүзінде жүзеге асыру тәжірибесі» атты Алматыда өткен Халықаралық конференцияда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Сөз басында ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (әрі қарай - ДДСҰ) еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында МСАК деңгейінде әмбебап, әлеуметтік бағдарланған және қолжетімді көмекті құруға негізделген шаралар қабылданып жатқанын айтты. МСАК-тың әлеуметтік бағдарланған үлгісін енгізу – отбасылық денсаулық орталықтарын, профилактика мен әлуметтік-психологиялық көмек бөлімдерін құруға, МСАК штаттық нормативтеріне әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарды енгізуге негізделген.

Бүгінгі таңда елімізде амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін 2141 медициналық ұйым, МСАК деңгейінде 8525 дәрігер, 23230 орта медициналық қызметкер, 423 әлеуметтік қызметкер мен 1248 психолог жұмыс істейді.

Сонымен бірге, МСАК жұмысы созылмалы аурумен сырқаттанған адамдарға патронаж өткізу, МСАК жұмыс уақытында жедел медициналық көмектен МСАК-қа берілген  шақыруларға қызмет көрсету барысында көмектесу мақсатында учаскелік терапевт пен педиатрға екінші мейірбикені енгізу арқылы жетілдірілді. Жалпы практика дәрігерлері үшін тіркелген тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды (скринингтер, мақсатты топтарды құру, салауатты өмір салты мен аурулардың алдын алуға үйрету) жүргізу үшін үшінші мейірбике енгізілді.

«Республика бойынша амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың тіркеу жұмысының стандарттары жасалды. Дәрігердің қабылдауына, оны телефон, МСАК ұйымдарының веб-сайттары арқылы үйге шақыруға алдын ала жазылу жүйесі жұмыс істейді, пациенттермен кері байланыс қамтамасыз етілген. Қарт адамдар, жүкті әйелдер мен балалар үшін анықтама қызметі, бөлек тіркеу жұмыс істейді, емдеу, консультативтік және диагностикалық қызметтерге бағыттау барысында пациенттер ағымы реттелді. Сонымен қатар, кезекті азайту үшін емханалардың жұмыс істеу уақыты 20:00-ге дейін ұзартылып, дәрігерлердің қабылдауы 5 сағатқа дейін ұлғайтылды, қабылдау мерзімі 18:00-ге дейін жеткізілді», - деді Алексей Цой.

Дәрілермен тегін қамтамасыз ету 400-ден астам дәрі атауымен 49 нозология бойынша, оның ішінде 13 нозология республикалық бюджет есебінен, 36 нозология – жергілікті бюджет қаражаты арқылы жүзеге асырылады. Рецептілерді беру 3 айда 1 рет іске асырылады.

Пациенттерді жоспарлы түрде госпитализациялау Госпитализация бюросының порталы арқылы жүргізіледі. Аурудың түріне қарай орта есеппен күту уақыты – 2 апта. Әлемдік тәжірибеде жоспарлы түрде госпитализациялауды күту уақыты ең кем дегенде 3 ай, болмаса одан да ұзақ мерзімде жүзеге асырылады.

Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жүйесін басқаруды жетілдіру мен пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында барлық ұйымдарда пациенттерді қолдау қызметі мен ішкі аудит, 16 аймақтық сall-центр құрылды. Олар шағымдарды ескерту мен оларды орын алған жерде «қазір және осында» қағидасымен қарастыруға негізделген.

Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріктірілген комиссия (әрі қарай - СБК) жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты -  емдеу хаттамаларын, медициналық білім беру стандарттарын жетілдіру арқылы медициналық қызмет көрсетудің үздік стандарттарын енгізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен олардың сапасын бақылау. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері кірді.

Вице-министр биыл Ауруларды басқару бағдарламасы (әрі қарай - АББ) пилоттық тәртіпте 7 аймақтың (Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Астана мен Алматы қалалары) 23 МСАК ұйымдарында үш нозология: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті бойынша енгізіліп жатқанын еске салды. Ол алғашқы медициналық-санитариялық көмектің мультидисциплинарлық тобы мен әлеуметтік келісім шарт арқылы бекітілген пациент арасындағы серіктестік қатынастар негізінде құрылған. 2017-2019 жылдары АББ-ны 5 нозологияға дейін ұлғайтып, еліміздің барлық аймақтарында енгізу жоспарланып отыр.

«ДДСҰ «EndTB» стратегиясына сай Қазақстанда 2016-2025 жылдарға арналған туберкулезді бақылаудың біріктірілген үлгісі жасалды. Ол «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен келісіледі. Біріктірілген үлгі барлық туберкулезге қарсы ұйымдарды (әрі қарай - ТҚҰ) облыстық туберкулезге қарсы диспансердің деңгейінде бір заңды тұлғаға орталықтандыру арқылы тік интеграцияны, барлық ТҚҰ диспансерлік бөлімдерін (туберкулез кабинеттерін) фтизиатрлар мен учаскелік терапевтер арасындағы қызметтік міндеттемелерді нақты бөлу арқылы МСАК ұйымдарының заңды қарауына беру – көлденең интеграциясын қарастырады», - деп айтты Алексей Цой.

Сондай-ақ, МСАК-ты дамыту басымдығымен халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру бойынша шаралар жоспарланып отыр.

«Оның ішінде 2017 жылы МСАК Ұлттық ғылыми практикалық орталығы құрылады. Ол республикадағы МСАК ұйымдарының барлық қызметтерін бақылайтын болады. Халықаралық тәжірибеге негізделген нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; денсаулық сақтау саласының алғашқы звено деңгейінде біріктірілген кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмекті дамыту; МСАК-тың барлық басшыларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жаңа жағдайындағы менеджментке оқыту; мейірбикелердің өздігінен жұмыс істеуі мен көпфункционалдылығын дамыту; АББ-ны енгізу; электрондық денсаулық паспортын жасау жалғасады», - деп түйіндеді Алексей Цой.

Естеріңігзе сала кетейік, ДДҰ атқарушы директорының шешімімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен елімізде 2015 жылғы ақпанда Алматыда ДДСҰ-ның МСАК бойынша шалғайдағы географиялық кеңсесі ашылған болатын. Аталған кеңсенің ашылуы ДДҰ Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді Қазақстанда дағдыландыруға мүмкіндік береді. Бірлесе атқарып отырған жұмыс нәтижесінде: денсаулық сақтаудың бастапқы буынының қолжетімділігі мен сапасы, әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары үшін, алдын алу бағдарламаларының тиімділігін арттыру, жұқпалы емес аурулардың туындау қаупінің белгілі факторларымен күресті күшейтуге қол жеткізілуі тиіс.  

 

7 желтоқсан, 2016 - 11:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші