Биыл Астана қаласында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 60 әлеуметтік нысан жөнделеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Биыл Астана қаласында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 60 әлеуметтік нысан жөнделеді

ДКЗ 2020

2016 жылы Астана қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 60 инфрақұрылымдық нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жөнделетін ғимараттардың 14-і - білім беру, 20 - мәдениет, 11 - денсаулық сақтау, 5 - көлік инфрақұрылымы, 3 - дене шынықтыру, 7 - әлеуметтік қорғау нысандары.

Бүгінгі күні барлық жобалар іске асырылуда, 1099 адам жұмысқа тұрды, олардың 571-і «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

8 желтоқсан, 2016 - 10:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші