2010 жылдан бастап Қазақстанда бюджеттік қаражат есебінен 3900-ден астам ЭҚҰ бағдарламалары қаржыландырылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2010 жылдан бастап Қазақстанда бюджеттік қаражат есебінен 3900-ден астам ЭҚҰ бағдарламалары қаржыландырылды

ЭКО

2010 жылдан бастап Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында (әрі қарай - ТМККК) 3981 экстракорпоральды ұрықтандыру (әрі қарай – ЭҚҰ) бағдарламалары қаржыландырылды. Қазақстанда бюджеттің қаржыландыруы нәтижесінде 2010-2016 жылдары 1216 бала өмірге келді.

Біздің елімізде қосымша репродуктивтік технологиялар (бұдан әрі - ҚРТ)  1995 жылдан бастап енгізіле бастады. Адам репродукциясы қалалық орталығында елімізде алғаш рет ЭҚҰ зертханасы ашылғаннан бастап енгізіле бастады. Бір жылдан соң «шыны түтіктен» тұңғыш бала туылды. Бүгінде Қазақстанда 22 ЭКҰ орталық жұмыс істейді, оның ішінде 17-і жеке меншік нысанда.

ҚРТ әдістерімен елімізде 50 мыңнан астам ерлі-зайыптылар емделді. Емделу тиімділігі 15%-дан  43%-ға дейін өсті. Бала туылуы дерегімен расталатын емделу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home)  29%-ды құрайды, бұл орташа еуропалық көрсеткішке сай. Бедеулікке шалдыққан отбасыларда 12 мыңнан астам бала дүниеге келді.

2010 жылдан бастап ЭҚҰ бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында бюджеттен қаражат бөліне бастады. ҚРТ-ны қолдануды қажет ететін ерлі-қайыптылар ТМККК аясында үздік нәтижелі және тәжірибесі мол 2 мемлекеттік, 3 жекеменшік клиникаларда медициналық көмек алуда.  

Биыл мемлекет 821 бағдарламаға қаражат бөлді.

Қазақстанда әлемде кездесетін әр түрлі формадағы бедеуліктің түрлерін емдеудің тәсілдері сәтті енгізілді.  Эндовидеохирургия, диагностикалау мен емдеудің гормональдық тәсілдері, андрология, медициналық генетика, эмбриология дамуда, жаңа қауіпсіз және тиімді дәрілік препараттар тіркелуде.

Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет Репродуктивті медицниа институтында Япония мамандарымен бірлес отырып, онкологиялық ауруларға шалдыққан әйелдерге репродуктивтік функцияларын, дүниеге бала әкелу қабілетін сақтау мақсатында және емделуден кейін бала тууға мүмкіндік беретін аналық без тінін  криоконсервациялау тәсілі енгізілді.

12 желтоқсан, 2016 - 10:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші