Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында дизентериямен сырқаттану көрсеткіші 15 еседен астам азайды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында дизентериямен сырқаттану көрсеткіші 15 еседен астам азайды

Дизентерия

Соңғы 25 жылда Қазақстанда дезинтериямен сырқаттану көрсеткіші 1991 жылғы 18 мың 234 жағдайдан (балалар арасында 10 мың 414 жағдай) 2015 жылы 1181 жағдайға (балалар арасында 788 жағдай), яғни 15,4 есеге төмендеді.

Дизентерия – Shigеllа тобындағы микробтар арқылы пайда болатын, ағзаның жалпы улануы мен ішек-қарын жолын, әсіресе тоқ ішектің шырышты қабығын зақымдайтын жұқпалы ауру.

Дизентерияның инкубациялық кезеңі 1-7 күнді құрайды. Ауру дене қызуының бірден көтерілуі мен қалтыраудан басталады. Әдетте әлсіздік, босаңдық, бас ауыруы, тәбеттің төмендеуі байқалады. Алғашқы күндері лоқсу болуы мүмкін. Іштің сол жақ мықын тұсының толғақ тәріздес ауыруы, сонымен қатар, үлкен дәреттің шырыш пен қан жолақтары аралас болуы да кездеседі.

Дүниежұзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша әлемде жыл сайын дезинтериядан 1 млн. адам қайтыс болады.

Ауруды жүқтырудың негізгі көзі – айналасына аурудың бірінші күннен бастап қауіп тудыратын сырқаттанған адам болып табылады. Жұқтыру негізінен тұрмыстық, су және ауқаттық (ауыз) байланыс арқылы жүзеге асады. Ауруды тудыратын факторлар: түрғын үйлердегі халықтың тығыздығы мен гигиена деңгейінің төмендігі. Дизентериямен барлығы ауырады, дегенмен көп жағдайда (60%) 4 жасқа дейінгі балалардың сырқаттануы жиі кездеседі. Аурумен сырқаттанғаннан кейін қысқа мерзімді иммунитет (4-12 ай) қалыптасады.

Дизентериямен сырқаттанған адамдарды емдеу болжамы әдетте жағымды болып саналады. Бірақ, егде жастағы адамдар дизентерияның ауыр формасымен сырқаттанғанда, әсіресе, егер ауру адам қан айналымы, өкпе, бүйрек, эндокриндік жүйенің созылмалы ауруларымен және т.б. қатар ауырып, болмаса, ағзаның жалпы әлсіреуі байқалса (ақуыз дистрофиясы), адамның қайтыс болуы да мүмкін.

Дизентерияның алдын алу оңай. Ол үшін профилактиканың келесі шараларын орындап, жеке гигиена шарттарын сақтау керек: уақытша сауда орындарынан азық-түлік сатып алмау; тез бұзылатын азық-түліктерді сатып алғанда жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына назар аудару; жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және тоңазытқыштан тыс жерде сақталған азық-түліктерді қолданбау; жеміс-жидектер мен көкеністерді мұқият жуып, оларды қайнатылған сумен шаю; қоғамдық су қоймаларына шомылғанда су жұтпау; бақша дақылдарын кесілген күйде сатып алмау. 

13 желтоқсан, 2016 - 10:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші