ҚР ДСӘДМ басшылығы Қазақстан өңірлерінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар өткізді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ басшылығы Қазақстан өңірлерінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар өткізді

торжественные собрания

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрлері Светлана Жақыпова, Алексей Цой және Елжан Біртанов Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында өңірлердегі тұрғындармен кездесті.

Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездескен Светлана Жақыпова Қазақстанның экономикалық жағдайы ширақ дамып, сәттілікке бастайтын жолы мен тәжірибесі бірегей, тұрақты мемлекет ретінде қалыптасқан мемлекет екенін атап айтты.  

 «Мемлекет басшысының сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстанда тәуелсіздік алған 25 жылда экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларда бірқатар ауқымды өзгерістер орын алды. Мемлекеттік негізгі саяси бағыттарының бірі – қазақстандықтардың әл-ауқаты, сапалы өмірдің жүйелі және мақсатты жолын құру болып қала бермек», - деді ол.

Әлеуметтік-экономикалық саладағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Егер 1999 жылы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші 13,5% болса, 2016 жылы 5%-ды құрады. 2011 жылдан бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оның нәтижесінде жұмыспен қамту шараларымен 710 мың адам қамтылып, тұрақты жұмысқа 530 мың қазақстандық қабылданды.

Светлана Жақыпова Қазақстанда зейнетақымен қамтудың үш деңгейлі жүйесі жұмыс істейтінін еске салды. Халықаралық стандарттарға сай зейнетақының шығындалған еңбекақыға шаққандағы 40%-ын сақтауға, жұмыс беруші, қызметкер және мемлекет арасындағы жауапкершілікті тиімді бөлу арқылы зейнетақымен қамтудың толыққанды жүйесін құрут арқылы зейнетақы жүйесін сатылай жаңғырту шаралары жүргізіліп келеді.

Әлеуметтік бағдарланған саясатты іске асыру – кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,6% -дан 2015 жылы  2,7%-ға дейін 13 есеге төмендеді.

 «Қазіргі таңда Қазақстанда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) жаңа форматта енгізу енгізу қарастырылып отыр. Ол әлеуметтік келісімшарттың негізінде көмекке мұқтаж азаматтарға берілетін болады. Егер отбасында еңбекке жарамды адам бар болса, онда АӘК олар жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан жағдайда беріледі», - деп хабарлады Светлана Жақыпова.  

АӘК-ны берудің жаңа тәсілдері пилоттық тәртіпте республикада 2014 жылдан бастап «Өрлеу» жобасының аясында енгізілуде. Оны жүзеге асыру нәтижесінде жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы табысы 2,8 есеге артты. Жобаны жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 8,4 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының жүмысқа жарамды қатысушылары жалпы санының 90,5%-ы қамтылды.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесінің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтып берді.

«ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Денсаулық сақтау саласын реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады. Соңғы 10 жылда мемлекеттік бюджеттің денсаулық сақтау жүйесіндегі шығыны 5 еседен астам ұлғайтылды. Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 және 3 есеге төмендеді», - деп мәлімдеді ол.

Алексей Цой республикада 25 жылда денсаулық сақтау саласының 1300-ден астам нысаны салынғанын, оның нәтижесінде халықтың медициналық көмекке қолжетімділігі арта түскенін атап айтты.

 «Еліміздің басқа өңірлеріндегідей, Ақмола облысында да жағымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алды. Тек соңғы 15 жылда аймақта денсаулық сақтау саласының 34 нысаны салынды. Оның ішінде облыстық қан орталығы, 500 рет баруға арналған емхана, 2 инсульт орталығы, перинаталдық орталықтың жаңа корпусы бар. Офтальмологиялық және оңалту орталықтары ашылды», - деді ол.

Жамбыл облысы тұрғындарының алдында сөз сөйлеген Елжан Біртанов азаматтардың денсаулығын нығайту бойынша мемлекеттің жүзеге асырып отырған жұмыстары жайында хабарлады.

 «Елімізде бірегей медициналық технологиялар қолданылып келеді. Бұл соңғы 5 жылда жүрек-қантамырлары ауруынан болатын өлім-жітім көрсеткішін 2 есеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Тек 2015 жылы республикада 16 мыңнан астам жоғары технологиялық ота жасалды. Қазақстанда ағзаларды транспланттау бойынша оталар жасала басады. Бұл - еліміздегі медицина саласын жаңа сапа деңгейіне шығаруға мүмкіндік берді», - деп айтты ол.

Вице-министр ғылыми орталықтар мен республикалық емханалар өз тәжірибелерін аймақтарға жеткізіп отырғанын атап айтты. Бүгінде жоғарғы технологиялы көмек көрсетіп отырған 130 емхананың 80-і аймақтық ауруханалар. Сондықтан да, алыс аймақтардағы азаматтар республикалық емханаларға бармай-ақ, аталған көмекті алып отыр.

Мемлекет аурулардың алдын алу мен азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамту саласына зор көңіл бөліп отыр.

«Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты – ауруларды ерте кезеңде анықтау. 2 млн-нан астам азамат дәрілердің 400-ден астам атауымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында мемлекеттің қаражаты есебінен амбулаторлық деңгейде 49 әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша қамтылды», - деп сөзін аяқтады Елжан Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, 10-14 желтоқсан аралығында еліміздің барлық аймақтарында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен салтанатты шаралар өтуде. 

13 желтоқсан, 2016 - 15:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші