X
egov

You are here

Т. Дүйсенова ҚР ДСӘДМ қызметкерлерін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

ДСӘДМ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты шарада министрлік қызметкерлерін атаулы күнмен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Шарада сөз сөйлеген ол Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай табыстарға жеткенін атап айтты.

«25 жыл бұрын еліміз тәуелсіздігін алып, тарихымыздың ұлы мүрасын сақтауға, оны қастерлеу мүмкіндігіне қол жеткізді. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының нәтижесінде біздің мемлекетіміз экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай тер төгу арқылы өзіндік үлгісін қалыптастырған түрақты мемлекетке айналды», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр 25 жылда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 жылға ұзарып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 72 жасты құрағанын атап айтты. Халықтың туу көрсеткіші 9,8%-ға ұлғайды. Тәуелсіздік жылдарында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6%-ға төмендеді.

Қазақстанда 1,3 мыңнан астам денсаулық сақтау нысандары салынды. Республикалық және аймақтық деңгейде медициналық кадрлардың жетіспеушілігі  34%-ға азайды.

Трансплантология мен жоғарғы технологиялы медициналық көмек қарқынды дамуда.жыл сайын бірегей оталар саны ұлғаюда.

Сондай-ақ, Тамара Дүйсенова әлеуметтік-экономикалық саланы тұрақтандыру шаралары Қазақстандағы жұмыспен қамту саласында айтулы жетістіктерге жетуге және жұмыссыздық деңгейін 1999 жылғы 13,5%-дан 2016 жылы 5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бердгенін айтты.

 «Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, шыдамдылық пен ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтар қажетті әлеуметтік-медициналық көмек алып отыр. Халық денсаулығын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасау мен мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудегі сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Мен сіздерді шын жүректен бүгінгі айтулы мерекелеріңізбен құттықтап, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, көңілдеріңізге шаттық тілеймін!» - деп тіледі ол.

Шара барасында ҚР ДСӘДМ мамандары «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен; ҚР Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгілерімен; ҚР ДСӘДМ құрмет грамоталарымен және алғысхаттарымен марапатталды.

 

13 желтоқсан, 2016 - 19:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші