ҚР ДСӘДМ-де журналистер арасындағы байқау қорытындыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

конкурс

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде  ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу (әрі қарай - МӘМС), «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша журналистер арасында үздік жарияланымдар республикалық байқауы қорытындыланды.

Байқаудың негізгі мақсаты – «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен хабардар ету, азаматтарды халықты жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстыру, МӘМС-ті енгізу мен ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдірудің негізгі артықшылықтары, сонымен қатар, аталған жаңалықтарға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Байқауға 24 электронды және баспа БАҚ қатысып, 80 материал (мақалалар, жарияланымдар, хабарламалар мен сюжеттер) ұсынылды.

Байқау 3 номинация: «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік жарияланым», «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік жарияланым», «ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту бойынша үздік жарияланым» бойынша мерзімді, интернет басылымдар, телеарна және радио журналистерінің арасында өткізілді. Дегенмен, екі номинация бойынша интернет басылымдар, телеарна және радио журналистерінен өтінім түскен жоқ. Байқауға келген барлық материалдар іріктеу талаптарына сай болғанын атап айту керек.

Әділ қазылар алқасы – ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ Басқарма басшысы Елена Бахмутова және ҚР ДСӘДМ салалық құрылымдық бөлімшелерінің сарапшылары барлық материалдарды қарап, келесі жеңімпаздарды анықтады:

- «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік баспа БАҚ жарияланымы» номинациясы бойынша «Свобода слова» республикалық басылымының журналисі Вера Ляховская мен «Орталық Қазақстан» (Қарағанды облысы) газетінің тілшісі Қызғалдақ Айтжанова;

- «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат порталдарындағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша «Туранинформ» ақпараттық-сараптамалық порталының тілшісі Құрманғали Нұрғалиев;

- «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік баспа БАҚ жарияланым» номинациясында Татьяна Уличева (Хватикова) («Индустриальная Караганда» газеті) мен Гүлмира Аймагамбет («Астана Ақшамы» газеті);

- «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік телеарна жұмысы» номинациясында «Хабар» телеарнасының журналистері Нәзия Тұяқова мен Индира Жылқайдарова;

- «ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту бойынша үздік жарияланым» номинациясында Гүлнара Хасан ( «Хабар 24» телеарнасы).

Байқаудың шарттары бойынша жеңімпаздар ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін салтанатты түрде марапатталады.

14 желтоқсан, 2016 - 18:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші