6 жылда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттармен 20,4 млн. қазақстандық қамтамасыз етілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

6 жылда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттармен 20,4 млн. қазақстандық қамтамасыз етілді

лекарства

Соңғы 6 жылда Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) аясында дәрілік заттармен амбулаторлық деңгейде 9 млн. 581 мың адам (2016 жылғы 14 желтоқсандағы мәліметтер бойынша), стационарлық деңгейде 10 млн. 901 адам (2016 жылғы 1 қарашадағы мәліметтер бойынша) қамтамасыз етілді. Аталған мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 820,3 млрд. теңге бөлінген болатын.

Айта кету керек, азаматтарды ТМККК аясында амбулаторлық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету жыл сайып ұлғайып келеді: 2011 жылғы 776 мың адамнан 2016 жылы 2 млн. 47 мыңға өссе, қаржыландыру көлемі – 43,3 млрд. теңгеден (2011 жыл) 88,6 млрд. теңгеге (2016 ж.) артты.

Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстанда дәрілердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың сапасын бақылау мен оларды тіркеу қызметі реттелген. Дәрілік заттарды бірыңғай жеткізуші ретінде құрылған «СК Фармация» ЖШС сатып алу шараларын логистиканың, сақтау мен дистрибуцияның халықаралық стандарттарына барынша сай болуына септігін тигізіп, денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттарды уақытылы әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуде. Амбулаторлық деңгейде дәрілермен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде, ол аталған процестің тазалығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етеді. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр құрылды, дәрілік ақпарат орталықтары жұмыс істеуде, контрафактілік және бұрмаланған препараттарды анықтауға арналған жылжымалы экспресс-зертханалар сатып алынды.

15 желтоқсан, 2016 - 11:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші