2016 жылы 182.8 мың қазақстандықтар «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2016 жылы 182.8 мың қазақстандықтар «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты

дкз

Ағымдағы жылдың 11 айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау шаралары 182,8 мың адамға көрсетілді. Оның ішінде 141,3 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту негізіндегі жұмыспен қамту) биыл 81,5 млрд. теңге сомасына 5 мың 741 жоба  жоспарланған болатын.

1 желтоқсандағы мәліметтерге сай, 4 мың 227 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала нысандары жөнделіп, ауылдық жерлерді абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылды. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым нысандары жөнделді. Аталған нысандарға 36,1 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 19 мың 860 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылардың қатарында.

Екінші бағыт бойынша (ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу) ағымдағы жылы микронесиеге 31 млрд. теңге  бөлінді. 9  мыңнан астам адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқып, микрокредит алды. Оның ішінде 4 мың 962  қатысушы тұңғыш рет өз бизнесін ашса, 4 мың 83 адам қолданыстағы бизнесін ұлғайтуға микрокредит алды. Несие алушылар қосымша 7 мың 236 жаңа жұмыс орындарын ашты.

Бағдарламаның үшінші бағытына (қоныс аудару мен жұмысқа орналасуға көмектесу және оқыту) ағымдағы жылы 10,9 млрд. теңге бөлінген болатын.

1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 7,2 мың адам оқуға жіберіліп, оның 5 мың 357-сі оқуларын аяқтады. Оның ішінде 4 мың 688 адам немесе оқуын аяқтаған азаматтардың 87,5%-ы жұмысқа орналастырылды

Жас түлектер мен халықтың жекелеген мақсатты топтарын қолдау мақсатында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасында мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын (әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы) құру тетіктері қолданылады. Биыл бағдарламаның аталған әдісін 28 мың адам қолданды.

Өз еркімен 921 адам көшірілді, оның 385-і (еңбекке жарамды азаматтардың жалпы санының 70%-ы) тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Сонымен қатар, базадағы бос жұмыс орындарына 110,1 мыңнан астам адам орналастырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар дағдарысқа қарсы жаңа тетіктер мен құралдар енгізілді, мұндағы басты шарт – жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жұмыстан босату қаупі болған кезде, жұмыс орындарын сақтауы болып табылады.

Бағдарлама арқылы 2,4 мың жас жұмыскерді оқыту ұйымдастырылып, 1 мыңнан астам қызметкерлерді қайта дайындау мен біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс берушілерге гранттар берілді. Бұдан басқа, зейнеткерлік жас алдындағы жастағы 985 адам оқытылды.

Биыл елдің 8 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жалақыларының бір бөлігін уақытша субсидиялау тетігі алғаш рет қолданылды. Субсидиялауға 3,4 мыңнан астам адам қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 128,5 млрд. теңге бөлінген болатын. 

 

22 желтоқсан, 2016 - 11:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші