Ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстанның қан қызметі 171 мың литрден астам қан дайындады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстанның қан қызметі 171 мың литрден астам қан дайындады

қан

2016 жылдың қаңтар мен қараша айларының аралығында Қазақстанның қан қызметі 171 мың 98,1 литр қан немесе құрамында 208 мың 300 дозадағы эритроциттер, 265 мың 600 дозадағы плазма, 33 мың 15 дозадағы тромбоциттер, 9 мың 400 дозадағы криопреципитаттар бар 516 мың 315 қан мөлшерін дайындады.

Аталған кезеңде медициналық ұйымдарға 153 мың 237 дозадағы эритроциттер, 130 мың 820 дозадағы жаңа мұздатылған плазма, 30 мың 400 дозадағы тромбоциттер  берілді.

Ағымдағы жылдың 11 айында 191 мың 130 адам қан тапсырды. Қан донациясы мен оның құрамының жалпы саны 243 мың 257 болды, оның ішінде 85% - қан, 10% - плазма, 5% - жасушалар. Аталған мерзімде ерікті донация көрсеткіші ұлғайып, 58%-ды құрады (2015 жылы 55% болған),  туыстық донация 34% болды, бұл 2015 жылдың деңгейінде, ал ақылы донация 8% болды.

Донация трансмиссиялық инфекциялар маркерлерін диагностикалаудың екі кезеңдік әдісімен 100% қамтылды (антиденелерді + инфекциялық агенттердің антигенін анықтаудың иммунологиялық әдісі мен вирустық РНК/ДНК анықтаудың молекулярлық-генетикалық әдісінің қосындысы). Донорлық қанның трансфузиялық инфекциялар маркерлерінің скринингі халықаралық стандарттарға сай жетілдірілді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда республикада қан қызметі саласында 18 ұйым жұмыс істейді:  Трансфузиология ғылыми-өндіріс орталығы, Республикалық қан орталығы,16 облыстық қан орталықтары, Алматы мен Семей қалалық қан орталықтары.

 

27 желтоқсан, 2016 - 16:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші