2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

госинспектор

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1852 кәсіпорнында 50,6 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 7,1 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1688 ұйғарым беріліп, 262,8 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.   

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 6,8 млрд. теңге төленді.   

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9680 тексеру жүргізді. 16 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 553 млн. теңге сомаға айыппұл салынды.    

5 қаңтар, 2017 - 12:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші