ҚР ДСӘДМ-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ-де мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

заседание

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (әрі қарай –ДСӘДМ) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ҚР-дағы мүгедектер өмірінің сапасын арттыру, олардың құқықтарын жүзеге асыру мәселелері, мүгедектердің қоғамның мәдени, спорттық өміріне қатысу көрсеткішін арттыру мәселелері қарастырылды.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін жүзеге асыру жайында  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова баяндады.

Ол аймақтарда әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарының мүгедектерге қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында оларды бейіндеу мен инвентаризация жоспары жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

«Бүгінгі таңда 27,8 мың инфрақұрылым нысандарын паспорттау жүргізілді. Паспортталған нысандардың 17 мыңға жуығын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейіндеу қажет, оның 11 мың нысаны мүгедектер қажеттілігіне сай бейінделді, бұл 77%-ды құрап отыр. 2016 жылы көлік инфрақұрылымын қолжетімді ету мақсатында республикалық бюджет есебінен 3,9 мың жол белгілері және мүгедектерге қызмет көрсетуге негізделген ұйымдар орналасқан жерлерде көрсеткіштер орнатылып, 155 жаяу өту жолдары дыбыс құрылғыларымен жабдықталды», - деп атап айтты Светлана Жақыпова.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы паспортталған нысандардың ішінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының мүгедектерге қолжетімді бөлігі республика бойынша 75,2%-ды құрап отыр.

Ол ДСӘДМ-де мүгедектігі бар азаматтардың қоғамға интеграциялануы мақсатында оларға қызмет көрсету бойынша шаралар атқарылып жатқанын айтты.

«Жыл сайын 16 мыңға жуық мүгедектерге жеке көмекші және ыммен сөйлеу мамандарының қызметі көрсетіліп, 35 мың мүгедек жұмысқа, білім беру ұйымдарына және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына бару үшін тегін көлік қызметін («Инватакси» қызметі) пайдаланып келеді. Сонымен қатар, медициналық-әлеуметітк сараптау бөлімдері арқылы мүгедектігі бар азаматтарға арналған автоматтандырылған қызметтер енгізілді. Бұл алғаш рет мүгедектігі анықталған азаматқа бір жерде мүгедектікті анықтауға арналған өтінішті беруге, еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтауға, оңалтудың жеке бағдарламасын жасауға, сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен мүгедектік бойынша мемдекеттік арнайы жәрдемақыны белгілеуге мүмкіндік береді. 2016 жылы аталған қызмет 28 мың адамға көрсетілді», - деді Светлана Жақыпова.

ДСӘДМ мен «Қазпошта» АҚ арасындағы келісім аясында ауылдық жерлерде тұратын 14 мың мүгедекке оңалтудың техникалық-қосалқы құралдары (протездік-ортопедиялық жабдықтардан басқалары) олардың тұрғылықты жерлеріне жеткізілді.

Светлана Жақыпова мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарып отырғанын хабарлады. Бүгінгі таңда 122 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмысқа орналастырылды. Бұл еңбекке жарамды жастағы мүгедектердің жалпы санының 39%-ын құрайды.

Мүгедектердің мәселелері бойынша және мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету қоғамдық бақылау кеңесшілерінің институты атқарған жұмысының нәтижелері туралы «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының басшысы Ляззат Қалтаева, мүгедектердің қоғамның мәдени, спорттық өміріне қатысу көрсеткішін арттыру мәселелері бойынша ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Ақтоты Райымқулова мәлімдеді.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар жасалып, тиісті тапсырмалар берілді. 

Естеріңізге сала кетейік, Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Үйлестіру кеңесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Үйлестіру кеңесінің құрамына республикалық және өңірлік мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

13 қаңтар, 2017 - 16:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші