2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 10 мыңнан астам азамат микрокредит алды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 10 мыңнан астам азамат микрокредит алды

дкз

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мен тірек ауылдарын кешенді түрде дамытуды қарастыратын (әрі қарай – «»ЖҚЖК 2020) екінші бағытын жүзеге асыру аясында 10 мың 99 адам микрокредит алды. Оның ішінде 421 адам микрокредитті қайтарылған қаражат есебінен рәсімдеді.

Микрокредит алған адамдардың 56% немесе 5 мың 677-сі өз ісін ашып, кәсіпкер атанса, қалған  44% немесе 4 мың 422 адам қолданыстағы бизнесінің аясын кеңейтті. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, оған 8 мың 821 адам қосымша жұмысқа орналастырылды.

Сонымен бірге, бағдарламаның екінші бағытының аясында 3 мың 743 адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқуларын аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «»ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аталған бағытын жүзеге асыру мақсатында 31 млрд. теңге бөлінді. 

 

18 қаңтар, 2017 - 15:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші