X
egov

You are here

Б. Нұрымбетов мұнай сервисі компанияларының басшыларына шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын түсіндірді

ШЖК

Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС-ны болашақ кеңейту жобасы-Сағалық қысымды басқару жобасының құрылыс компанияларының форумында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мұнай сервисі компанияларының басшыларына шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартудың қолданыстағы тәртібін түсіндірді.

  Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазақстандық және халықаралық мердігерлік ұйымдарының өкілдері қатысты.

  Сөз басында Б. Нұрымбетов Қазақстанда ШЖК тарту тәртібі жетілдірілгені жөнінде айтып өтті.

  «Біз шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны айқындау тәртібін қайта қарадық. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту және рұқсаттар беру қағидалары жалпы тәртіпте де, корпоративішілік ауыстыру тәртібінде де айтарлықтай өзгерді. Сондай-ақ біз өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстанға келетін шетелдіктерге арналған жаңа тәсілдерді ұсындық» - деді ол өз сөзінде.

  Вице-министр бұрын еліміздің экономикалық тұрғыдан белсенді халқына пайыздық қатынаста белгіленіп келген ШЖК тарту квотасы осы жылдың басынан әрбір сала (немесе экономикалық қызмет түрлері) бойынша жеке-жеке белгіленетінін түсіндіріп өтті. Квотаны есептеуді жұмыс күшіне сұранысты кешенді талдауды, жұмыссыздар санының болжамын, стратегиялық (ИИДМБ секілді) жобалар бойынша қажеттілікті, ағымдағы жылы ШЖК тарту тиімділігін бағалауды ескере отырып жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде өңірлік комиссиялар жүргізеді.

  «Бұрын рұқсаттар беру жүйесі тым ауқымды болды және оларды алу шарттары да көп еді. Мысалы, жұмыс берушілер берілген рұқсатқа сәйкес жергілікті кадрларды даярлауды, қайта даярлауды немесе олардың біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етуге не жергілікті кадрлар үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға тиіс еді. Жыл басында осы ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-ден 250 АЕК-ге дейінгі шамада белгіленеді, бұл  290 мың мен 530 мың теңге аралығы. Бұдан өзге енді рұқсаттар барынша қысқа мерзімдерде берілетін болады. Егер бұрын бұл рәсім 41 күнге дейін созылған болса, ағымдағы жылдан бастап рұқсаттарды беру мерзімі айтарлықтай қысқартылды: шешім 7 күн ішінде қабылданады, қалған уақыт алым төлеу үшін жұмыс берушіге беріледі. Рұқсаттар қағаз түрінде де, электрондық форматта да беріледі», - деді Біржан Нұрымбетов.

  Бұл ретте жұмыс берушілерге қойылатын кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни: басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде 70 %, мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде 90 %.

   «Корпоративішілік ауыстыру (бұдан әрі – КА) мәселелері бойынша заңнамамызды Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарымен сәйкестендірдік. Ағымдағы жылдан бастап КА жүйесі басқа форматта жұмыс істей бастады – КА ҚР Үкіметі айқындаған экономика салаларында еңбек шартында белгіленген, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады, рұқсатты ұзарту құқығы 1 жыл. Басшылар, менеджерлер мен мамандар ғана ауыса алады» - дейді вице-министр.

  КА кезінде жұмыс берушілердің таңдау жөніндегі ерекше шарттарды сақтау талаптары қалады, бұл қазақстандықтарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе олардың біліктіліктерін арттыру не олар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу.

  Кадрларға жергілікті қамтылым жөніндегі талаптар менеджерлер мен мамандар үшін 50/50 қатынасында оңайлатылған схема бойынша қолданылатын болады, бұл бірінші басшылар мен олардың орынбасарларына қолданылмайды.

  КА шеңберіндегі рұқсаттар тегін беріледі.

  «Бұрын Қазақстанға өз бетінше, қандай да бір жұмыс берушінің шақыртуынсыз келген жұмыскерлер рұқсаттарды әкімдіктерден алуға тиіс еді. Биылғы жылдан бастап мұндай рұқсаттарды біліктілік сәйкестігі туралы анықтамамен ауыстырдық. Аталған анықтаманы тиісті комиссияның ұсынысы бойынша біздің министрлік береді», - дейді Біржан Нұрымбетов.

  Бұл ретте осындай шетелдік жұмыскерлердің біліктілігіне білім деңгейі мен жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылатын болады, ол балдық жүйеге сәйкес бағаланады.

  «Анықтамалар барлық шетелдік мамандарға берілмейтінін айтып кеткім келеді. Біз тек бірқатар салалар мен экономикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ адамдар еңбек нарығына анықтамалар бойынша жіберілетін кәсіптерді ғана анықтадық. Еңбек нарығындағы ахуал мен еңбек ресурстарына деген қажеттілікке қарай біз осы салалар мен кәсіптер тізбесін қайта қарай аламыз», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

  Анықтама шетелдік Қазақстанға келгеннен кейінгі алғашқы 3 ай ішінде еліміздің барлық аумағында жарамды болады. Осы 3 ай ішінде шетелдік тұрақты жұмыс тауып, ол туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хабарлауға тиіс. Осындай жағдайда анықтама оның еңбек шартының мерзіміне, бірақ жалпы алғанда 3 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

30 қаңтар, 2017 - 18:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші