Интернет кеңістігіндегі қолжетімді барлық деректер, Қазақстандағы жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары туралы enbek.kz порталында біріктірілген болады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Интернет кеңістігіндегі қолжетімді барлық деректер, Қазақстандағы жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары туралы enbek.kz порталында біріктірілген болады

жұмыс

Бұл туралы бүгін Атырау қаласында құрылысшы компаниялардың кезекті форумында болашақтағы жобаны кеңейту, «Теңізшевройл» ЖШС ұңғы ернеуіндегі қысымын басқару жобасы аясында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі – ЕРДО) президенті Дәулет Арғындықов мәлім етті.

Іс-шара орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Теңізшевройл» ЖШС-ның жергілікті және халықаралық мердігерлер өкілдерінің қатысуымен өтті.

Сөз басында Дәулет Арғындықов ПБР – ПУУД бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізудің бірден бір кепілі – ол білікті кадрлардың болуына байланысты деп атап өтті.

«Талапкерлердің көп ағымын тарту мақсатында дұрыс байланыс арналарын салу керек - бұл жарнамалау, бастапқы іріктеу, жұмыспен қамту орталықтарымен және жеке рекрутингтік агенттіктерімен жұмыстан тұрады. Осының бәрі адами және қаржылық шығындарды қажет етеді. Біз осы мәселелерді шешу үшін, сізге қол ұшымызды бергелі отырмыз - деді ол.

ЕРДО-ның басшысы Қазақстанда 2013 жылдан бері жұмыс іздеу, кадрларды іріктеу және көмек көрсетуге арнайы enbek.kz порталы жұмыс істеп тұрғаны жайлы еске салды. Мұнда әр күн сайын жаңа жұмыс орындарының ашылумен қатар,  жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің ыңғайына қарай жағдайлар қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, порталда барлық қызметтер тегін.

«Еnbek.kz» порталы арқылы қазіргі уақыттағы тиімді, соның ішінде бос орындар туралы ақпаратты жеткізу үшін жұмыспен қамту заңнамасына өзгерістер енгізу қарастырылған. Бұл толығымен  қағазбастылықты жойып, бизнес жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Портал арқылы жұмыспен қамту орталықтары мен жеке агенттіктердің қолжетімді лауазымдарға мамандар табуына өз ықпалын тигізеді. Біз қазірдің өзінде порталдың ғаламтор кеңістігінде іздеушілер мен ізденушілер жайлы мәліметтердің барлығын бір жерге топтастыру жолында жұмыс істеудеміз. Бұл үшін жұмыс іздеушілер туралы толық ақпарат жинақтау біз үшін өте маңызды, сол себепті де жекелеген жолдарды толтыру міндетті болып табылады.» - деп хабарлады Дәулет Арғындықов.

«Жұмыс. Бос орындар» тематикасы бойынша, Zero.kz  интернет-статистика сервисінің қазақстандық рейтингінің деректеріне жүгінсек, enbek.kz порталы Қазақстан бойынша бірінші орында. 2016 жылы, бірегей келушілер саны, 45 мыңнан 150 мыңға  артты, ал  танысқандардың саны айына 242 мыңнан 1 млн-ға жетті.

31 қаңтар, 2017 - 10:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші