X
egov

You are here

2016 жылы Алматы облысының 45 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

жұмыс

2016 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (21,7 мың адам) және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (23,8 мың адам) қатарындағы 45,5 мың адам  қамтылды, бұл өңірдегі жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 34,4 %-ын құрайды.

оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға 9 мың 983 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мың 34 адам;

- жастар практикасына 1 мың 551 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 9 мың 109 адам ;

- кәсітік оқытуға 1 мың 883 адам жіберілді, оның ішінде 391 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді;

- 20 мың 639 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 1 мың 302 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін микрокредиттер алды.

2016 жылы республика бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен 520 мың адам  қамтылды.

1 ақпан, 2017 - 11:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші